Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
  «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың алдын алу әдістерін өзгертеді.
581 /

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың алдын алу әдістерін өзгертеді.

ҚТЖ Орталық аппаратында теміржол көлігіндегі қауіпсіздік мәселесі бойынша семинар өтті. Іс-шараға "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиалдарының қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің басшылары қатысты. 

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының м.а Марлен Көкірекбаев қозғалыс қауіпсіздігін нормативтік құжаттамалар талаптарын, еңбек және технологиялық тәртіпті сақтамай қамтамасыз ету мүмкін емес екенін атап өтті. Сондықтан бұл жұмысты жүйелі түрде атқару керек.      

«Шаруашылық пен негізгі жабдықтарды, персоналды қыста жұмыс істеуге сапалы дайындау қажет. Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының алдын алу тәсілдерін толықтай өзгертіп, филиалдардағы қозғалыс қауіпсіздігі жағдайын жақсарту, жұмыс орындарында қызметті қауіпсіз ұйымдастыру, персоналды техникалық оқытуға ерекше мән беру, соның ішінде алғашқы қыстаушыларды оқыту, нұсқаулық пен тексеру өткізу қажет. Осыған орай техникалық оқыту шеберлерінің жауапкершілігі мен рөлін арттыру, нормативтік-техникалық құжаттаманы жандандыру, жеке тармақ иелерімен бірге жеке кіреберіс жолдарды талаптарға сай ету көзделуде», - деп атап өтті М.Көкірекбаев.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры орынбасарының м.а Мұхтар Жамбылов қозғалыс қауіпсіздігі бұзылуының алдын алу тәсілдерін өзгертуге бағытталған, теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бойынша іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат берді.

Осы құжат аясында локомотивтерді бейнебақылау жүйесімен, пойыз құрастырушыларды жұмыс процесін үздіксіз аудио және бейнетіркеу үшін бейнерегистратормен жабдықтау жоспарлануда. Қозғалыс қауіпсіздігін арттырудың басқа да жолы ретінде жолда локомотив бұзылғанда машинистер консультация алатындай, локомотив бригадаларын техникалық қолдаудың Call-орталығын құру мәселесі қарастырылуда.  

Сонымен қатар локомотив деполарының психологтары жұмысының тиімділігін арттыру мәселесі қаралды. Енді олар қозғалыс қауіпсіздігі бойынша өндірістік мәселелермен байланысты шешімдер қабылдауға және жедел отырыстарға қатысатын болады.

   Кездесуде семинарға қатысушылар пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша оң тәжірибелерімен алмасты. Семинар қорытындысында қозғалыс қауіпсіздігі бойынша түзету шаралары әзірленіп, филиалдардағы жағдайды жақсарту бойынша нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

 

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК"АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
1 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

277 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

62 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер