Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар балабақшалар мен мектептерде және колледждерде қауіпсіздік сабақтарын жүргізді.
357 / 20.06.2023 11:14

Теміржолшылар балабақшалар мен мектептерде және колледждерде қауіпсіздік сабақтарын жүргізді.

Екі мыңға жуық балалар мен жасөспірімдер темір жолдан өту ережелері бойынша қауіпсіздік сабақтарына қатысты. Биыл мамыр айы бойына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарының қызметкерлері еліміздің барлық өңірлерінде «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында темір жолға жақын орналасқан балабақша тәрбиеленушілерімен, мектеп оқушылары және колледж студенттерімен профилактикалық кездесулер өткізді.

Теміржолда балалармен байланысты қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған қауіпсіздік сабақтарын өткізу – жазғы каникул қарсаңында жүргізілетін дәстүрлі іс-шара.

Сабақтарда теміржолшылар түсінікті және қызықты формада әзірленген бейнероликтерді көрсете отырып, балаларға және жасөспірімдерге өз жұмыстары туралы баяндады, теміржол инфрақұрылымы нысандарында қалай жүру керектігі туралы адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндірді.

ҚТЖ-да қайғылы оқиғалар профилактикасы мен балалардың теміржол айналасында қауіпсіз жүруін үйретуге ерекше көңіл бөлінеді. Себебі олар көбіне қауіпсіздіктің қарапайым талаптарын  бұзады, темір жол – жолаушылар өтетін жол емес екенін, ойнайтын, серуендейтін орын емес екенін ұмытып кетеді. Балалар теміржолды кесіп өте отырып мұқият болуды ұмытады, құлаққаптарын шешпей жолда жүреді, перронда өтіп бара жатқан пойызға тым жақын тұрады.     

Оқу жылы бойына және каникул күндері теміржолшылар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, ҚТЖ нысандарында оқушылар үшін экскурсиялар ұйымдастырады. Олар алған білімі жас қазақстандықтарға болашақта жамандықтан қашуға көмектеседі деп сенеді.

Бұдан бөлек теміржолшылар әскери күзет, көлік полициясы қызметкерлермен бірге үнемі теміржолдың  рұқсат етілмеген тұсынан өтетіндерге профилактикалық рейдтер өткізіп, теміржолдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілген жадынамалар таратады.

ҚТЖ теміржол инфрақұрылымы нысандарында қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай сақтауға шақырып, ата-аналардан балаларына жолдан өтуде абай болуды түсіндіруін сұрайды.

 

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіb5ada543-ecd3-48a0-bbeb-b9df79a3af2d.jpg

f44483db-83b4-4f2a-b8c2-a1bd84d09d7b.jpg

 

 Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»

Поделиться:
Популярные новости
22 / 03.07.2025

ҚТЖ басқарма төрағасы тағайындалды

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Жақұпов «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Талғат Сағиев...

22 / 02.07.2025

Жедел деректер бойынша 2025 жылдың 6 айында 150,1 млн тонна жүк тасымалданған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4% артық

Экспорттық тасымалдар тұрақты өсім көрсетуде — экспорт көлемі 9% артты. Атап айтқанда, астық экспорты — 65%, құрылыс жүктері — ...

20 / 02.07.2025

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлері ТЭ36А сериялы жаңа тепловоздар бойынша Қытай Халық Республикасында оқудан өтті

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС пен CRRC Dalian Co., Ltd. арасындағы ТЭ36А жаңа сериядағы магистральді тепловоздарды жеткізу жөніндегі ...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер