Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тие...
2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ бойынша көмір тиеу көлемі 106,7 млн тоннаны құрады, бұл жалпы теміржол көлігімен тасымалданған жүктердің 50%-ы. Қатты отын тиеу өткен жылға қарағанда 800 мың тоннаға көбейді. Қазақстан бойынша 74,3 млн тонна көмір тасымалданып, экспортқа 32,4 млн тоннасы тиелген.
Көмір тиеу көлемінің оң динамикасы биыл да байқалды. 2023 жылдың бес айында 44 млн тонна көмір тасымалданса, соның 30,8 млн тоннасы республика бойынша, 13 млн тоннасы экспортқа тиелген.
Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС маркетинг жөніндегі атқарушы директоры Вадим Копылов «Astana Minining Metallurgy» халықаралық тау-металлургиялық Конгресі шеңберінде өткен көмір өнеркәсібі форумында айтты.
«ҚТЖ әлеуметтік маңызды жүктер тасымалына ерекше көңіл бөледі. Жылыту маусымы кезеңінде компанияның көмір штабы күн сайын тасымалға мониторинг жүргізіп, тасымалдың үзілуіне жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылдайды. Біз көмір кен орындарымен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Күн сайын ҚР ИИДМ, әкімдік, көмір кен орындары өкілдерінің қатысуымен жиындар өткізіліп, соның барысында барлық мәселелер бойынша өзара келісімге келетін шешімдер қабылданды. Өткен жылыту маусымы көмір жеткізу тізбегінде әрбір бөлімнің ұйымдасқан жұмысының өте маңызды екенін көрсетті"-деді В.Копылов.
2022 жылы энергия ресурстарға сұраныс артқандықтан экспортқа шығарылатын көмір тиеу көлемі айтарлықтай артқаны атап айтылды.
«Экспортқа бағдарлану республикаішілік тасымал мәселесімен тығыз байланысты. Біздің ойымызша, көмір тасымалы республика бойынша ең басты стратегиялық міндет болып саналады», - деді баяндамашы.
Атқарушы директордың айтуынша, биылғы негізгі тренд теміржол көлігі инфрақұрылымын тиімді пайдалану болып қала береді. Осы ретте тасымалды барынша молынан бағдарлаудың маңызы зор, бұл стратегиялық жүкті жеткізу уақытын қысқартып, көмірдің көп бөлігін тасымалдауға септік етеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК"АҚ баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың 11 айында 1,3%-ға ар...