ПРЕСС-РЕЛИЗ
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Респу...
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жас теміржолшы!» челленджін іске қосты. Іс-шара корпоративтік рухты, теміржолшы мамандығының беделін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Челленджге «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлерінің отбасыларынан шыққан балалар қатыса алады. Балаларға негізгі мамандық иелері болып табылатын ата-аналарының формалық немесе арнайы киімімен суретке түсу ұсынылады.
Пост әлеуметтік желіде орналастырылуы керек және де челлендж ережелері бойынша эстафета келесі қатысушыға тапсырылады (оның аккаунтын өз постымен белгілеу қажет). Пост мәтінінде #челленджГП_юныйжелезнодорожник хэштегін көрсету қажет.
Жеке фотосуреттер корпоративтік сайтта және ҚТЖ әлеуметтік желісінде орналастырылады.
Челлендж 31 мамырға дейін жалғасады.
Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...
2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...