Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
507 / 15.05.2023 17:54

ҚТЖ желісі бойынша жүк айналымы 2023 жылдың төрт айында 9,6%-ке өсті

2023 жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша ҚТЖ желісінде жүк тасымалдау 82,4 млн тоннаны құрады. Ел ішінде тасымалдан5аны – 52,8 млн тонна. Экспортқа 29,6 млн тонна жөнелтілді.

4 айда 36,7 млн тонна тас көмір тасымалданды. Оның ішінде қазақстандық тұтынушыларға жеткізілген қатты отын – 26 млн тонна. Экспортқа 10,7 млн тоннасы шығарылды.

Астық тасымалдау көлемі 16,3%-ке өсіп, шамамен 4 млн тоннаны құрады. Астық экспорты 16%-ке, яғни 3,2 млн тоннаға дейін өсті. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 20,4%-ке дейін, яғни 1,2 млн тоннаға дейін артып отыр.

2023 жылғы қаңтар-сәуірде мұнай жүктерін тасымалдау 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 3,3%-ке, 6 млн тоннаға дейін, құрылыс жүктерін 9,6%-ке, 4 млн тоннаға дейін, химиялық тыңайтқыштарды 10%-ке, 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.

Пайдалану жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ке өсіп, 89,4 млрд т-км неттоны құрады.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
21 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

2 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер