Поездар ұйықтамайтын жер: Алматы-1 сұрыптау төбесіндегі бір күн
Алматы-1 станциясы — бұл Алматылық өңірдің теміржол картасындағы жай ғана тора...
Қазақстан машина жасаушыларының XI форумының жұмысына мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және негізгі машина жасау кәсіпорындарының ("Локомотив құрастыру зауыты" АҚ, "Электровоз құрастыру зауыты" АҚ, "STADLER KAZAKHSTAN" ЖШС және т.б.) өкілдері қатысты.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ю. Лавриненко теміржол машиналарын жасауды дамыту бойынша секциялық отырысты ашты. Ол геосаяси жағдай және оның тасымалдау процесіне қатысушыларға әсері жағдайында "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның инфрақұрылымдық мүмкіндіктері шектеулі екендігін ескере отырып, теміржол машиналарын жасауды қолдаудағы мемлекеттің рөлін күшейту және саланы ынталандыру жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Отырыста теміржол өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірісті оқшаулау, саланы цифрландыру, төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелері қаралды. Теміржол машина жасау кадрларын даярлауға және дамытуға баса назар аударылды.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ бас инженері Б.Котырев тасымалдау процесін қамтамасыз ету тұрақтылығының негізгі кепілдерінің бірі сенімді, қолжетімді және бәсекеге қабілетті жылжымалы құрам, сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкерлердің кәсіби деңгейі болып табылатынын атап өтті.
Іс-шара барысында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ инфрақұрылымында пайдалану сынақтарынан өткен жаңа техника өндірушілеріне куәліктер салтанатты түрде тапсырылды.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Алматы-1 станциясы — бұл Алматылық өңірдің теміржол картасындағы жай ғана торап емес, тыным таппайтын тірі организм. Мұнда тәулік бойы тоқтаусыз...
Жүк құжаттарын өңдеу операторы Нұрхан Ханжаббарова станцияны бес саусағындай біледі. Оның теміржолдағы еңбек өтілі — 35 жыл. Ол тасымал құжаттар...
Ортақ іске адалдығы, жоғары жауапкершілік деңгейі және 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған іс-шараларға белсенді...