Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
628 / 11.05.2023 15:16

Теміржол көлігінде тасымалданатын астық жүктерінің сақталуы мен қауіпсіздігі – ерекше бақылауда

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС астық жүктерінің сақталуын қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Жыл сайын «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС-мен (ӘТЖК) номенклатуралық жүктерді күзетуге шарт жасалады. Тасымалдау кезінде астық жүктерін әскерилендірілген күзет қызметкерлері алып жүреді.

Станцияларда ұрлықтың алдын алу мақсатында рейдтерді, кенеттен тексерулерді жүзеге асыру үшін теміржолшылар мен ӘТЖК қызметкерлері қатарынан мобильді топтар құрылып отыр. Станцияларда, вокзалдарда және перрондарда қосымша бейнебақылау камералары орнатылған. Локомотивтер сыртқы бақылау бейнетіркегіштерімен жабдықталуда.

ҚТЖ бұл орайда ІІМ және ИИДМ бірлесіп «ҚР темір жолында мүліктің қауіпсіздігі мен сақталу деңгейін арттыру жөніндегі жол картасын» іске асыруда. ҚР ІІМ-нің көліктегі полиция департаменті мен ҚТЖ басшыларының кездесулері тұрақты негізде өткізіліп келеді.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
100 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

638 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер