Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
202 / 09.05.2023 10:45

Теміржолшылар соғыс ардагерлері мен концлагерь тұтқындарын Жеңіс күнімен құттықтады

Жеңіс Күні қарсаңында еліміздің әр өңірінде теміржолшылар соғыстан кейінгі өмірін болат магистралін дамытуға арнаған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және фашистік концлагерьлер  тұтқындарына құрмет көрсетті. Оларға соғыс жылдарындағы ерліктері мен қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, азық-түлік себеттерін табыстады.

Павлодарлық теміржолшылар 97 жастағы соғыс ардагері Василий Иванович Григораштың үйіне барды. Ол өмірінің жартысынан көбін теміржолға арнады.

  Василий Иванович 1926 жылы шағын алтайлық Бурлинка ауылында дүниеге келген. 1943 жылы майдан шебіне кетті. Забайкалье майданында соғысқан. Жапондық басқыншылардан босату жөніндегі Манчжур операциясына қатысты. 1950 жылы демобилизацияланды. Осы уақыттан бастап еңбек сіңірген демалысқа шыққанға дейін Павлодар станциясының локомотив депосында алдымен кочегар, кейін машинист көмекшісі, паровоз және тепловоз машинисі болып жұмыс істеді. Оның еңбек кітапшасында жұмысқа қабылдау туралы бір ғана жазба бар, бірақ бірнеше беттен тұратын марапаттар туралы белгілер жетерлік. Василий Иванович II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жапонияны Жеңгені үшін», «Тың игергені үшін», «За ударный труд» және мерейтойлық медальдармен марапатталған, машинист үшін маңызды «Апатсыз 1000 км» құрметті белгісі және басқа да көптеген наградалары бар. Павлодарда ардагер өз тағдырын жолықтырды. Жұбайы Аграфена Осиповнамен бірге екі бала, немерелер мен шөберелер тәрбиеледі.

 Теміржолшылар Ұлы Отан соғысы жылдарында концлагерьда болған Казинская Прасковья Павловнаға да барды. Павлодар станциясына қуғын-сүргінге ұшыраған бұрынғы теміржол қызметкері Варвара Георгиевна Кобзеваны келе жатқан мерекемен де құттықтады.

  Ақмола ЖТ бөлімшесінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және кәсіподағы Ұлы Отан соғысының 96 жастағы ардагері Василий Антонович Сердюковқа да ат басын бұрды. Ол 1926 жылы 21 қарашада Ақмола облысы Богдановка ауылында дүниеге келген. 1943 жылы ол әскерге  шақырылды. Василий Антонович Минск, Варшаваны азат ету үшін шайқастарға қатысты. Жеңісті Берлинде Рейхстаг қабырғасында қарсы алды. Демобилизациядан кейін Василий Антонович кен орнында жүргізуші болып жұмыс істеді. Новосібір теміржол көлігі әскери инженерлері институтын бітіріп, еңбек жолын теміржолда бастады. Целиноград станциясының бастығы, теміржол көлігіне кадрлар даярлау мектебін басқарды.

Ақмола теміржолшылары концлагерьлердің бұрынғы тұтқындары Надежда Михайловна Афонина мен София Куприяновна Ломакинаны және Ленинград блокадасының қатысушысы Надежда Борисовна Ковалды құттықтады.

Осындай іс-шаралар барлық жол бөлімшелерінде өтеді.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі 


aKdwhfFXAu8.jpg

yQebVMFkq4g.jpg

 

Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темі жолы»

Поделиться:
Популярные новости
47 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

56 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

117 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер