Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ өз қызметкерлерін жазатайым оқиғалардың  алдын алғаны үшін марапаттады
464 / 12.04.2023 13:34

ҚТЖ өз қызметкерлерін жазатайым оқиғалардың алдын алғаны үшін марапаттады

ҚТЖ-да 2022 жылдың қорытындысы бойынша ықтимал қауіпті жағдайлардың алдын алуға қосқан үлесі үшін қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Бас жүлде Екібастұз локомотив пайдалану депосының локомотивтерді техникалық тексеру пунктінің аға шебері Алмас Гимадиевке берілді. Оған жақын және алыс шет елдерге 4 млн теңге тұратын отбасылық демалысқа жолдама берілді. Өткен жылы KTZ HSE «Өндірістік қауіпсіздік» (ИСПБ) мобильді қосымшасында Алмас қауіпсіздік бойынша дер кезінде орындалған 35 мінез-құлық диалогын рәсімдеді. Алмас Гимадиев теміржол көлігінде 16 жылдан астам жұмыс істейді, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС локомотивтерді жөндеуді ұйымдастыру департаментінің менеджері. Ол үш қыздың әкесі.

 Жыл сайын ҚТЖ-да өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында өзін барынша белсенді көрсеткен қызметкерлер анықталады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарынан 11 кандидатура ұсынылды. Олардың барлығы да «Өндірістік қауіпсіздік» жұмыс орнында жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ҚТЖ мобильді қосымшасының белсенді пайдаланушылары. Қосымша арқылы теміржолшылар еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы, қауіпті әрекеттер мен жағдайлар, қауіпті жұмысты тоқтату қажеттілігі туралы хабарлайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котыревтың төрағалығымен ҚТЖ қызметкерлеріне сыйлықақы беру жөніндегі комиссия лайықтыларды іріктеп алды.

Шешім қабылдау кезінде комиссия қауіпті жағдайлардан болатын зардаптардың ықтималдығы мен ауырлығы, қызметкердің қосымшаны пайдаланудағы белсенділігі, рационализаторлық ұсыныстарды енгізу және т.б. сияқты критерийлерді ескерген.

2022 жылы ақшалай сыйлықпен 18,6 млн теңге сомасына 399 теміржолшы көтермеленді.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
7 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

26 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер