Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
483 / 10.04.2023 12:12

ҚТЖ шаттл-пойыздармен Қытайдан Түркияға гуманитарлық жүк жеткізеді

ТХКБ бағыты бойынша Қазақстан арқылы Қытайдан Түркияға шаттл-пойыздармен гуманитарлық жүктері бар 200 контейнер жеткізіледі. Қазақстан арқылы жедел жеткізу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды. Қазақстан аумағы бойынша пойыз рекордтық қысқа мерзімде – 90 сағатта жүріп өтеді.

Бірінші пойызда жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды уақытша орналастыруға арналған шатырлары бар елу 40 футтық контейнер. Тағы 150 контейнер жөнелтіледі деп жоспарлануда. «KTZ Express» АҚ шаттл-пойыздардың операторы болып табылады.

Шаттл-сервистің пайда болуымен ҚХР-дан Грузия порттарына дейін жүктерді жеткізу мерзімі үш есеге – 18 тәулікке дейін, Түркия порттарына – 25 тәулікке дейін қысқарды. Қазақстан аумағы арқылы жүк Каспий теңізіне (Ақтау порты), одан әрі Әзірбайжан, Грузияға Мерсин қаласына (Түркия) дейін жеткізіледі.

Бұл тасымалдауды ТХКБ маршрутына қатысушы тараптар Түркияға гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде өтеусіз негізде жүзеге асырады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
106 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

654 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер