Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
324 / 28.03.2023 11:57

Теміржолшыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллалар түсіндірілді

gsmefCN5Y4A.jpg

Осы жылдың наурыз айының басынан бастап күшіне енген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық түзетулер ҚТЖ-да өткен кеңесте түсіндірілді. Кездесуді Компанияның Комплаенс – қызметі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерін шақыра отырып ұйымдастырды. Кеңеске ҚТЖ кадр қызметінің қызметкерлері қатысты. 

Мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген тұлғалар болып табылатын квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне қатысты педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылықтан басқа кәсіпкерлік және басқа да ақылы қызметті жүзеге асыруға тыйым салуды енгізу заңнамалық новеллалардың бірі болып табылады. Бұған дейін квазимемлекеттік сектордың теңестірілген тұлғаларына бұл тыйым қолданылмаған. 

Теңестірілген тұлғалар санатына басқару функцияларын орындайтын квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, сондай-ақ құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын және сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешім қабылдайтын немесе мемлекеттік бюджеттен және ҚР Ұлттық қорынан қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға жауапты қызметкерлер жатады. 

Заңның тағы бір нормасы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарды қорғауға бағытталған. Жұмыс беруші мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдескен қызметкерлер туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ететін болады. Оларды тәртіптік комиссияның ұсынымдарынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартуға, жұмыстан шығаруға немесе басқа лауазымға ауыстыруға болмайды, оның отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері міндетті түрде шақырылуы тиіс. 

Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс берушінің өзі әлеуетті кандидаттарға Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйелері немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді сұрата алады. 

Айта кетейік, теміржолшылар 8800 080 4747 және 8771 1918816 нөмірлері бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ жедел желісінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады. Әрбір өтініш құпиялылық пен анонимділік қағидаттарын ескере отырып қаралады. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
37 / 15.01.2025

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған Welcome-тренинг сәтті өтті. Бұл тренинг жаңа қызметкерлердің ұжымғ...

501 / 30.12.2024

Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат

Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...

569 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер