Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
366 / 23.03.2023 17:49

ҚТЖ ҚХР-дан ОА-ға дейінгі транзиттік жүк ағындарын Алтынкөл станциясына қайта бағыттайды

Варшава қаласында (Польша) өткен ТЖЫҰ-ның кезекті кеңесінде Қытай Цзинхэ - Алашанькоу учаскесінде екінші желі құрылысының барысы туралы, ал  қазақстандық тарап Достық-Мойынты учаскесінің екінші жолдарының құрылысы туралы хабардар етті.

Кездесуде ТЖЫҰ мүшелері үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап Алтынкөл - Қорғас пункті арқылы баламалы маршрут болған кезде Қытайдан Орталық Азия елдеріне (ОА) және Достық-Алашанькоу арқылы кері жүк транзитінің қозғалысын уақытша тоқтата тұруға келісті.

Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы ҚХР - дан ОА-ға жүк тасымалдау Достық-Алашанькоу түйіскен жеріне қарағанда 500 км-ге қысқа және 10-15% арзан. Бүгінгі таңда Достық - Алашанькоу түйіскен жері бойынша тасымалдау үлесі ОА-ның жалпы көлемінде 20% аспайды.

Алтынкөл мен Қорғас станцияларының заманауи инфрақұрылымы және жүктерді қабылдау мен беру үшін терминалдық мүмкіндіктері бар.

Анықтама үшін: ТЖЫҰ (Теміржол ынтымақтастығы ұйымы) Еуропа мен Азиядағы жетекші теміржол ұйымының рөлін атқарады және 30 елді біріктіреді. ТЖЫҰ-ның штаб-пәтері Варшавада (Польша) орналасқан.

                          "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
3 / 15.05.2025

Сәуір айында Қостанай өңірінің станцияларынан 2 млн тоннадан астам жүк жөнелтілді

Сәуір айында Қостанай өңірінің станцияларында 34 358 вагон тиелді, орташа тәуліктік тиеу 75,3 мың тоннаны құрады. 14 421 вагон темір кені, 9 0...

25 / 15.05.2025

Семей жүк тасымалы бөлімшесінің Өскемен аймағында жазғы қызмет кезеңіне кадрлар мен шаруашылықтардың дайындығын көктемгі комиссиялық тексеру аяқталды

Бекітілген кестеге сәйкес комиссия 17-25 сәуір аралығында Семей өңірін аралап шықты. Өскемен аймағында тексеру 28 сәуірде Локоть-Шемонаиха учаск...

1 / 14.05.2025

Орал теміржолшылары қауіпсіздік техникасы бойынша конкурс өткізді

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «Ақтөбе ЖТ бөлімшесі» филиалдарында нөлдік жарақаттану қағидатын мүлтіксіз ұстанады...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер