Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қазақ және өзбек теміржолшылары    ынтымақтастықтың дамуы жоспарын талқылады
673 / 16.03.2023 15:09

Қазақ және өзбек теміржолшылары ынтымақтастықтың дамуы жоспарын талқылады

Шымкент қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және «Узбекистон темир йуллари» АҚ делегацияларының екіжақты кездесуі өтті. Теміржол көлігі саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Елдер арасында теміржол көлігімен жүк тасымалы өсімінің оң қарқыны  атап өтілді. Ағымдағы жылдың екі айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16% ұлғайып, 5,2 млн тоннаны құрады.

Мемлекетаралық түйісулерде 1,4 мыңнан астам пойыз қабылданып, 1,6 мың құрам тапсырылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пойыздар қабылдау 5%, ал тапсыру 25% ұлғайды. Тараптар жүк айналымын арттыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Өзбек тарапы Сарыағаш – Келес мемлекетаралық түйісу пункті бойынша тасымалдау көлемін ұлғайту үшін жұп темір жолдарды ұзарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын және екі жаңа электрлендірілген жолдың құрылысы жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазақстандық тарап жүктерді жеткізу мерзімін екі есе қысқартқан Сарыағаш түйісу бағытында жүк тасымалдарын бағыттау жөніндегі жобаны іске асыру туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ арасында Хаттамаға қол қойылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

24 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

11 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер