Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
454 / 15.03.2023 13:30

Өткен жылы ҚТЖ желісі бойынша контейнерлерде жүк экспорты 30% өсті

Қазақстандық жүк жөнелтушілер контейнерлік тасымалдаудың артықшылықтарын оң бағалады. Олардың ішінде – сенімділік, жеткізу жылдамдығы және жүктің сақталуы. 2022 жылы ҚТЖ желісі бойынша тасымалданған экспорттық жүктердің жалпы көлеміндегі контейнерлік тасымалдар үлесі 4,4% (3,5 млн тонна) құрады.

Контейнерлермен экспорт өткен жылы 30% өсті. Экспортқа астық өнімі бар 49 мыңнан астам ЖФБ жөнелтілсе, 2021 жылға қарағанда өсім 4,2 есе. Жүк Қытайдың Алашаңқай, Үрімші, Сиань, Чунцин станцияларына, сондай-ақ ТХКБ бойынша Түркияның Мерсин портына жөнелтіліп отырды.

Контейнерлерде мұнай өнімдерінің экспорты 14,4 есеге, ұнтақ өнімдерінің (кебек, құрама жем, бидай ұны) 6,3 есеге өсті. Негізінен жүк ҚХР-ға жөнелтілді.

Өткен жылы Түркияға үлкен биг-бектерде ферросилиций, Қытайдың Шанхай, Сиань және Нантун қалаларына өсімдік майы, Түркия мен Грузия бағытында ТХКБ бойынша контейнерлерде түсті металдар жөнелтілді.

Бүгінгі таңда контейнергежарамды экспорттық жүктердің әлеуеті шамамен 22 млн тоннаны немесе тасымалданған экспорттық жүктердің жалпы көлемінің 28%-тін құрайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
15 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

453 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер