Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
503 / 14.03.2023 12:03

ҚТЖ және ІІМ теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуде

«ҚТЖ» ҰК» АҚ - да ҚР ІІМ және ИИДМ министрлері қол қойған «2022-2024 жылдарға арналған ҚР темір жолында мүліктің қауіпсіздігі мен сақталу деңгейін арттыру жөніндегі жол картасын» іске асыру бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Іс-шараға ҚТЖ және ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің басшылары, сондай-ақ өңірлердегі желілік бөлімшелердің басшылары қатысты.

Кеңес барысында сындарлы ақпарат, пікір алмасу жүзеге асырылды және теміржол көлігіндегі қауіпсіздіктің жай-күйін жақсарту бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Теміржол көлігіндегі мүліктің қауіпсіздігі мен сақталуының мәселелері компания үшін аса маңызды болып табылатыны атап өтілді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Жол картасының іс-шараларын орындау шеңберінде теміржол объектілерінде бейнебақылау камераларын, локомотивтерде бейнетіркегіштерді, бөгде адамдар мен малдың теміржол жолдарына шығуын болдырмайтын қоршауларды орнату бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Жол-көлік оқиғаларын болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдау жөніндегі іс-шаралар іске асырылуда. Бұл қағу мен жол-көлік оқиғаларының санын 15% азайтуға мүмкіндік берді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік кешені объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушыларға арналған сервисті жақсарту жөнінде бірқатар екіжақты шешімдер қабылдады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
102 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

641 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер