Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
497 / 13.03.2023 15:15

Пайдалану жүк айналымы жыл басынан бері 6,1% өсті

2023 жылдың 2 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 40 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды. Оның ішінде қазақстандық тұтынушылар үшін 25,3 млн тонна жүк, ал экспортқа 14,6 млн тонна жүк тиелген.

Тас көмірді тиеудің жалпы көлемі шамамен 19 млн тоннаны құраса, оның ішінде республика бойынша теміржол көлігімен 13,5 млн тоннасы, экспортқа 5,4 млн тоннасы жеткізілді.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында шамамен 2 млн тонна астық тасымалданса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 16% артық. Астықты ел ішінде тиеу 32,5% құрап, 400 мың тоннаға дейін өсті. Экспортқа 1,6 млн тонна жөнелтілді, өткен жыл көрсеткішінен 13% артық. Ұнтақ өнімдерін тиеу 31% өсіп, 600 мың тоннаға жетті. Экспортқа 450 мың тоннадан астамы тиелген, өсім 55%  жеткен.

Өткен жылы құрылыс жүктерін тиеу көлемі 31% (1,6 млн тонна), мұнай жүктерін тиеу көлемі 7,5% (3 млн тонна), химиялық тыңайтқыштарды тиеу көлемі 6,6% (700 мың тоннадан астам) ұлғайды.

Құрылыс жүктерінің экспорты 68%, түсті кен 6%, мұнай жүктерінің экспорты 7% өсті. Ел ішінде мұнай жүктерін тасымалдау 7,7%, химиялық тыңайтқыштарды тасымалдау 9,8% және құрылыс жүктерін тасымалдау 30% өсті.

Пайдалану жүк айналымы жыл басынан бері 2022 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 6,1% артып, 43 млрд ткм неттоға дейін жетті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

24 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

11 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер