Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржол өткелдерінде бұзушылықтарды  тіркеу камералары орнатылды
507 / 03.03.2023 00:00

Теміржол өткелдерінде бұзушылықтарды тіркеу камералары орнатылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы «Интер Трейд Систем» ЖШС-мен жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын теміржол өткелдеріне 10 «Бүркіт»  аппараттық-бағдарламалық кешенің орнату бойынша келісім жасасты. Іс-шара теміржолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

Талдау көрсеткендей, көбінесе өткелдердегі апаттар автокөлік жүргізушілерінің кінәсінен болып жатады. Құқық бұзушылыққа неғұрлым бейім өткелдерді анықтау үшін 54 теміржол өткеліне зерттеу жүргізілді. Бейнетіркегіштерді бірінші кезекте орнату үшін 10 өткел анықталды.

Пилоттық режимде Астана станциясының екі өткелі бейнебақылау камераларымен жабдықталды. Жаңа – Қарағанды – Майқұдық аралығында және Қарағанөзек станциясының өткелінде тағы екі камера, сондай-ақ магистральдық желінің Алматы бөлімшесі шекараларында: Ақсеңгір – Шамалған, Байсерке – Жетісу, Ақсеңгір – Бұрындай аралықтары мен Байсерке станциясының өткелінде де камералар орнатылды.
Поделиться:
Популярные новости
26 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

469 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер