Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
521 / 02.03.2023 00:00

Жүк көлігі заңгерлері ең жақсы сот тәжірибелерімен алмасты

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де Сот және талап-арыз жұмысы мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы белгіленген отырысы өтті. Оған жол бөлімшелері заң қызметтерінің өкілдері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – үздік сот практикаларымен алмасу үшін «орталық» заңгерлері мен жол бөлімшелерінің өзара іс-қимылын жандандыру.

– Үйлестіру кеңесінің бірінші белгіленген отырысында 2023 жылға арналған жұмыс басымдықтары айқындалды. Мұндай кездесулер тоқсан сайын өткізілетін болады. Бөлімше деңгейінде өндірістік немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешкен табысты сот практикасы таралымының  әлеуеті бар, - деп атап өтті Үйлестіру кеңесінің төрағасы, құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директор Уәлихан Уаисов.

Өз қызметі шеңберінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС заң қызметтері әртүрлі өңірлерде ұқсас жағдайларда пайдалануға болатын ондаған түрлі табысты сот практикаларын қалыптастырады, бұл жалпы жұмыс нәтижелілігін жақсартады.
Поделиться:
Популярные новости
102 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

641 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер