Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1984 / 08.09.2021 00:00

Еңбекті қорғау – ерекше бақылауда

Жол бөлімшелерінде еңбекті қорғау бойынша өңірлік семинарлар өтуде. Олардың негізгі мақсаты – темір жолда жарақаттану жағдайларының алдын алуға бағытталған еңбекті қорғау саласындағы жұмысты жетілдіру. Тәжірибе алмасу үшін Қостанай бөлімшесінде еңбекті қорғау жөніндегі мамандар, Ақмола, Павлодар және Қарағанды бөлімшелерінің бас инженерлері жиналды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Асхат Сариев теміржолда жарақат алуға жол бермеу - компанияның барлық деңгейдегі басшыларының алдында тұрған бірінші кезектегі міндеттердің бірі екенін атап өтті.

«Темір жолда қауіпсіздік техникасын сақтау өте маңызды. Кез келген ықтималды оқиға бірнеше ұсақ себептерге байланысты орын алады. Сондықтан, тіпті кішкене нәрселерде де белгіленген ережелерден бас тартуға болмайды. Еңбек жағдайларына қойылатын қауіпсіздік талаптарын елемеу жұмыс берушілер үшін де, қызметкерлер үшін де қауіпті», - деді Асхат Сариев.

Осындай іс-шаралар Алматы мен Қызылордада да өткізілді. Кездесулер барысында жазатайым оқиғалардың себептері талданады, оларға жол бермеу шаралары, сондай-ақ технологиялық процесті орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі жағдайлары талқыланады.

Алматы бөлімшесінің Өндірістік қауіпсіздік және экология қызметінің бастығы Алтынай Сейілханова өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себебі адами фактор болып табылатынын алға тартты. Теміржолшылар ауысымға жинақы,  мұқият дайындалған, қауіпсіз жұмысқа бейімделіп келуі тиістігі атап көрсетілді. Шашырау және шаршау жарақатқа әкелуі мүмкін.



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
12 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

29 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер