Мекен жайы Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
7 / 06.09.2021 00:00

Астық Транс астық тасымалданатын жаңа бағыттар туралы айтты

«Астық Транс» компаниясы Иран, ҚХР, Түркия, Еуропа және басқа да елдерге астық тасымалдайтын перспективалы экспорттық бағыттары бойынша маршруттардың кестесін әзірлеу туралы айтып берді.

Аталған компания трейдерлерге осы маусымда келесі бағыттарды ұсынады:

1.Ақтау порты арқылы Иран, Әзірбайжан порттарына (эксп.): Ақтау портына дейін астық тасымалдаушыларды жеткізу, жалдау қызметі, теңіз кемелеріне ауыстырып тиеу. Межелі портқа дейін жеткізу (Иран, Әзірбайжан), Инкотермс шарттары (FOB, CPT, CIF).

2.Иран (Инчебурун станциясы) Ақайыл станциясы арқылы (эксп.): Инчебурун станциясына дейін астық тасымалдаушыларды жеткізу (Иран), Инкотермс шарттары (CPT, DAP).

3.Түркия (Мерсин порты) Ақтау (эксп.) порты арқылы: Ақтау портына дейін астық  жеткізу, астықты контейнерлерге қайта тиеу қызметтері, жалдау қызметі, контейнерлерді теңіз кемелеріне тиеу, Әзірбайжан порттарында порт қызметтері, Мерсин портына дейін жеткізуді ұйымдастыру (Түркия), Инкотермс шарттары (CPT)

4.Қара теңіз жағалауындағы елдердің порты, Жерорта теңізі елдерінің порттары (Түркия, Италия, Испания, Мысыр, Тунис және т.б.): Заречная порты арқылы (эксп.): Заречная станциясына дейін астық тасымалдау, жалдау қызметі, теңіз кемелеріне үйіп ауыстыру, межелі портқа дейін жеткізу, Инкотермс шарттары (FOB, CPT, CIF).

5.Балтық елдерінің порттары (Швеция, Польша, Дания, Германия және т.б.) Выборг порты арқылы (эксп.): Выборг станциясына дейін астық тасымалдау, жалдау ақысын төлеу қызметтері, теңіз кемелеріне үйіп ауыстырып тиеу, межелі портқа дейін жеткізу, Инкотермс шарттары (FOB, CPT, CIF)

6. ҚХР (Сиянь станциясы) Алтынкөл станциясы арқылы: астық тасымалдауды Алтынкөл станциясына дейін жеткізу – республика ішіндегі тасымалдау, астықты контейнерлерге қайта тиеу қызметтері, платформаларды Сиянь станциясына (Қытай) дейін жеткізу, Инкотермс шарттары (CPT).

Тақырыпқа байланысты оқу: Ауған бағытындағы астық тасымалдау шаралары нашарлап кетті

Сондай-ақ экспортқа ілеспе құжаттар (фитосанитариялық сертификаттар, өнімдердің жасалғандығы туралы сертификаттар, кедендік декларациялар, сапа паспорты) дайындалуда.

«Астық таситын көліктерде астықты тасымалдау маршруттармен (жөнелтуші немесе сатылы) жүзеге асырылады, ал бұл жүкті жеткізу мерзімін жеделдетуге және жеткізу құнын төмендетуге ықпал етеді», - деп хабарлады Астық Транс компаниясында.

Естеріңізге сала кетейік, «Астық Транс» компаниясы «Қазақстан Темір Жолы» компаниясымен бірлесіп вагондарға астық тиеу және Алтынкөл станциясындағы контейнерлерге қайта тиеу арқылы ҚХР-ға астықты, жүктерді кешенді түрде тасымалдаудың пилоттық жобасын іске қосты. Жоба тек ҚХР бағытында ғана емес, басқа бағыттар бойынша да астық экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Поделиться:
Популярные новости
3 / 08.09.2021

Еңбекті қорғау – ерекше бақылауда

Жол бөлімшелерінде еңбекті қорғау бойынша өңірлік семинарлар өтуде. Олардың нег...

11 / 06.09.2021

Ағымдағы жылдың 8 айында ҚТЖ желісімен 168 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында "ҚТЖ "ҰК" АҚ желісінде 168 млн тоннадан аста...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер