Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1462 / 06.09.2021 00:00

Ағымдағы жылдың 8 айында ҚТЖ желісімен 168 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында "ҚТЖ "ҰК" АҚ желісінде 168 млн тоннадан астам жүк тиелді. Бұл орайда ел ішінде темір жол көлігімен 109 млн.тоннадан астам жүк тасымалданса, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 1,4% жоғары. Экспортқа 59 млн. тонна тиелді, өткен жылға қарағанда өсім 3,8% құрады.

Тас көмір өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 5% артығымен, яғни 67,7 млн тоннаға дейін тасымалданды.  Оның ішінде республика бойынша тұтынушыларға 47,5 млн.тонна қатты отын жеткізілді, өткен жылға қарағанда өсім 4% құрады.  

Астық тиеу 10,5% өсіп, 5,8 млн тоннаны құрады. Экспортқа 4,3 млн тонна жүк жөнелтілсе, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 16% өсті. Сондай-ақ, өткен жылы мұнайлық жүктерді тиеу көлемі 7,9% - ға, яғни 11,6 млн тоннаға дейін, темір және марганец кенін тиеу 4,8% немесе 18,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.

8 айдың қорытындысы бойынша пайдалану жүк айналымы 156,9 млрд.т-км неттоны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 3,5% - ға жоғары.
Поделиться:
Популярные новости
19 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

457 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер