Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
943 /

Қарағанды облысында рельстерді қосу тетіктері ұрланды

Қарағанды локомотив пайдалану депосының бригадасы вагондардың жолдан шығып кету қаупін анықтады.

Осы жылғы мамырдың 31-де мамырында машинист Фархад Нүсіпов пен оның көмекшісі Азамат Аман жүк пойызымен келе жатып, Қарағанды ЖТ бөлімшесінің Көкпекті-Қарағайлы учаскесінде рельстер жапсырмаларының (рельстерді өзара қосуға арналған элементтер) жоқ екенін байқап,шұғыл тежеуішті басқан. Осылайша теміржолшылар ұқыптылық пен қырағылықтың арқасында апатты жағдайдың алдын алды.

Бұл локомотив бригадасы деподағы жас әрі болашағы зор бригадалардың бірі. Фархад Нүсіпов 31 жаста. Еңбек жолын машинист көмекшісі болып бастаған маманның темір жол саласында еңбек етіп жүргеніне он жылдан асты. Пойыздарды өзі жүргізе бастағанына жылға жуық уақыт болды. Ал, көмекшісі Азамат Аман 25 жаста. Теміржол колледжін бітіргеннен кейін үш жылдан бері депода жұмыс істейді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ рельстер мен темір жол бөлшектерінің ұрлануы түрлі апаттарға әкеп соқтыратынын, компанияға имидж тұрғысынан нұқсан келтіріп, шығынға ұшыратанынын ескертеді. Әлбетте, баукеспелік жазасыз қалмайды
Поделиться:
Популярные новости
5 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

278 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

63 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер