Мекен жайы Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
13 / 23.08.2021 00:00

ШЫҰ темір жол әкімшіліктері контейнерлік пойыздар тасымалын ұлғайту үшін бірлескен шараларды әзірлейді

ШЫҰ темір жол әкімшіліктері контейнерлік пойыздар тасымалын ұлғайту үшін бірлескен шараларды әзірлейді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттер теміржол әкімшіліктері басшыларының үшінші кездесуіне қатысты. Кездесу «Тәжік темір жолы» МУК төрағалығымен ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норовтың қатысуымен бейнеконференция режимінде өтті.

Кездесуде теміржол әкімшіліктерінің өкілдері пандемиялық қиын жағдайда теміржол көлігі өзінің тиімділігін көрсетіп отырғанын атап өтті. Бұл ретте коронавирустық індеттің таралуынан бастап контейнерлермен жүк тасымалы көлемінің өсімі байқалады. Қатысушылар халықаралық қатынаста контейнерлік пойыздарды ұлғайту бойынша бірлескен шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Қазақстан аумағымен негізгі контейнерлік маршруттар Қытай – Еуропа, Қытай – Орталық Азия елдері, Қытай – Ресей бағыттары бойынша, сондай-ақ Қазақстан порттары арқылы Кавказ, Парсы шығанағы, Түркия және басқа елдер бағытында өтеді.

– «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан, Ресей және Беларусь БКЛК ЕРҚ бірлескен кәсіпорны табысты жұмыс істеп келе жатқан Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша контейнерлік тасымалдарды дамытуға ерекше мән береді, - деді делегация басшысы, ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов. - Осы дәліз бойынша ғана тасымалдау көлемі 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 65% өсті. 2021 жылдың 7 айында өсім 48% - ды құрады.

Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша тасымал өсімін қамтамасыз ету үшін арнайы тарифтік шарттар ұсынылады. Контейнерлік тасымалдар өсімі негізгі факторларының бірі кеме қозғалысының нақты кестесі бар Каспийдегі тұрақты фидерлік желі болып табылса, бұл вагондардың, контейнерлердің айналымын және жеткізу мерзімдерін оңтайландырады.

ШЫҰ елдерімен жүк тасымалының оң серпіні байқалуда. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өсім 6% құрады. 2021 жылдың 7 айында ШЫҰ елдерімен жүк тасымалдау көлемі 2020 жылдың деңгейінде сақталды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Орталық Азия, Ресей және Қытай елдерінің теміржол әкімшіліктерімен бірлесіп, жүктерді жеткізу сенімділігін және қызмет көрсету сапасын арттыру және құрлықтағы дәліздердің инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Қазіргі уақытта Достық станциясында жаңа контейнерлік терминалдар салынуда. Достық станциясынан Мойынты станциясына дейін инфрақұрылымды жаңғырту басталды. Жаңа Дарбаза – Мақтаарал және Жетіген – Қазыбек Бек теміржол желілерін салу жоспарлануда.

Теміржол әкімшіліктерінің өкілдері инфрақұрылымның өзара байланысын дамыту бойынша бірлескен шешімдер қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен басқа елдерді байланыстыратын жаңа теміржол желілерін салу және қолданыстағы теміржол желілерін жаңғырту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті.



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
5 / 08.09.2021

Еңбекті қорғау – ерекше бақылауда

Жол бөлімшелерінде еңбекті қорғау бойынша өңірлік семинарлар өтуде. Олардың нег...

11 / 06.09.2021

Ағымдағы жылдың 8 айында ҚТЖ желісімен 168 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында "ҚТЖ "ҰК" АҚ желісінде 168 млн тоннадан аста...

9 / 06.09.2021

Астық Транс астық тасымалданатын жаңа бағыттар туралы айтты

«Астық Транс» компаниясы Иран, ҚХР, Түркия, Еуропа және басқа да елдерге астық та...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер