Мекен жайы Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
«ҚТЖ» ҰК» АҚ көмірді уақытында жеткізуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда
36 / 24.08.2021 00:00

«ҚТЖ» ҰК» АҚ көмірді уақытында жеткізуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда

«ҚТЖ» ҰК» АҚ көмірді уақытында жеткізуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының жүк қозғалысы жөніндегі орынбасары м.а. Оралхан Құлақовтың төрағалығымен Көмір тасымалдау бойынша жедел штабтың бірінші отырысы өтті.

Отырысқа ірі: «Богатырь Көмір» ЖШС, «Kazakhmys Coal» ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Востокугольпром» ЖШС және басқа да көмір разрездерінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі – жүк жөнелтушілер тарапынан біркелкі тиеуді қамтамасыз ету және олардың тиеу операцияларында вагондар айналымын орындауы.

«Көмір бойынша барлық мәселе шешімін табуы тиіс. Біздің тарапымыздан жылжымалы құрамды уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. Қатты отынды тасымалдауда вагондарды беру -  басымдыққа ие», - деді Оралхан Кулаков.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының тапсырмасы бойынша ірі көмір жөнелтушілерге «Қазтеміртранс» АҚ жартылай вагондары бекітілген. Бұл ҚТЖ тарапынан жылжымалы құрамды көмір разрездеріне ұсынуға кепілдік береді. Сонымен қатар, биыл теміржолшылар негізгі ірі көмір өндіруші кәсіпорындардан айналма және маршруттық жөнелтілімдерді ұйымдастыра отырып, көмір тасымалдау логистикасын оңтайландырды.

Жүк жөнелтушілер өз кезегінде кірме жолдардағы вагондар айналымының технологиялық мерзімдерін қатаң сақтауы тиіс. Алайда, барлық көмір кәсіпорындары бұл тәртіпті ұстана бермейді. Осыған байланысты магистральдық желіде аса сұранысқа ие вагондар көмір разрездерінің кірме жолдарында тиеуді күтіп тұрып қалады.

Отырыс барысында тиімді жоспарлау, көмір тасымалдау көлемдерін ай бойынша біркелкі бөлу, кірме жолдарда вагондар айналымын мүлтіксіз орындау және барлық тасымалдау процесіне қатысушылар іс-қимылындағы  келісілгендік көмір айналасындағы күзгі дүрлігуді болдырмауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Штаб жүк жөнелтушілердің өтінімдерін қамтамасыз ету, вагондардың айналымын орындау және жүк операцияларында тұрып қалуын қысқарту бойынша тәуліктік бақылау жүргізеді. Штабтың басты міндеттерінің бірі - ЖЭО мен МАЭС қоймаларындағы қатты отын қорын тәулік сайын мониторингілеу.

Кездесу соңында жүк жөнелтушілер көмір тасымалдау бойынша барлық мәселелер «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен жұмыс тәртібінде жедел шешілетінін атап өтті.



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
3 / 08.09.2021

Еңбекті қорғау – ерекше бақылауда

Жол бөлімшелерінде еңбекті қорғау бойынша өңірлік семинарлар өтуде. Олардың нег...

8 / 06.09.2021

Ағымдағы жылдың 8 айында ҚТЖ желісімен 168 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында "ҚТЖ "ҰК" АҚ желісінде 168 млн тоннадан аста...

7 / 06.09.2021

Астық Транс астық тасымалданатын жаңа бағыттар туралы айтты

«Астық Транс» компаниясы Иран, ҚХР, Түркия, Еуропа және басқа да елдерге астық та...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер