Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Алматыда теміржолшылар «Ағаш отырғыз»  экологиялық акциясына қатысты»
1202 / 05.05.2021 00:00

Алматыда теміржолшылар «Ағаш отырғыз» экологиялық акциясына қатысты»

Алматы ЖТ бөлімшесінің басшылығы кәсіподақ комитетімен бірлесіп «Ағаш отырғыз» акциясын ұйымдастырды. Ол «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де жарияланған экологиялық мәдениет жылына орайластырылды. Жыл «Планетаны таза ұста – Өзіңнен баста!» ұранымен өтуде. Қажетті санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, теміржолшылар бөлімше ғимаратының іргелес аумағына ағаштар мен гүлдер көшеттерін отырғызды.

Акцияның мақсаты – туған қаланың экологиялық жағдайын жақсарту.

– Бұл акция еліміздің әр өңірлерінде осындай іс - шараларға қатысып жүрген әріптестер бастамасын қолдау ғана емес, сондай-ақ қалың жұртшылықтың назарын қаланың экологиялық проблемаларына аударуға, экологиялық жағдайды жақсартуға және жаңа «жасыл» аймақтарды жайластыруға бағытталған, - деді кәсіподақ комитетінің төрағасы Талғат Қарабалаев.

Теміржолшылар ағаш отырғызу - әрбір азаматтың жеке ісі және өз қаласының «жасыл өкпесін» нығайтуға жасалған қадамы екеніне сенімді.

Поделиться:
Популярные новости
15 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

452 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер