Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар өндірістегі жазатайым жағдай салдарынан  қаза тапқандарды еске алды
765 / 29.04.2021 00:00

Теміржолшылар өндірістегі жазатайым жағдай салдарынан қаза тапқандарды еске алды

Кеше «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның барлық филиалдарында – «ЖТ бөлімшелерінде» Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар өткізілді. Акцияны ұйымдастырушылар – кәсіподақ комитеттері мен жол бөлімшелерінің басшылығы. Дүниежүзілік күн «Дағдарысты көре білу, оған дайындалу және ден қою – қазір қауіпсіздіктің тұрақты жүйелеріне инвестиция салу» ұранымен өтті.

Еңбекті қорғау саласындағы проблемаларға назар аудару мақсатында жол бөлімшелерінің, станциялар мен деполардың ғимараттарында еңбек қауіпсіздігі бәрінен жоғары екенін еске салатын ақпарат орналастырылған.

Бүкіл ұжымның апатсыз және үйлесімді жұмысы әрбір қызметкердің дұрыс іс-әрекетімен байланысты.

Акция аясында өндірістегі қайғылы жағдай салдарынан қаза тапқан теміржолшылардың, сондай-ақ жұмыс орнында жарақат алған бұрынғы қызметкерлердің отбасыларында болды.

Кәсіподақ және Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің басшылығы Боралдай стансасындағы пойыз құрастырушының отбасына қонаққа келді. Оның артында қызы мен ұлы қалды. Оқуда табысты болуы үшін балаларға заманауи компьютер мен азық-түлік себеті сыйға тартылды.

Еңбекті қорғау күні кәсіподақ Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің басшылығымен бірлесіп, өндірісте жарақат алған бұрынғы әріптестеріне және қаза тапқандардың отбасыларына азық-түлік себеттерін тапсырды.

Қарағанды ЖТ бөлімшесінің Жарық станциясында және Жамбыл ЖТ бөлімшесінде қашықтық пен маска режимін сақтай отырып түсіндіру әңгімелері жүргізілді. Өндірістік кеңестерде қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың негізгі факторлары талқыланды, жарақаттанудың алдын алу мәселелеріне назар аударылды.

Кәсіподақ комитеті Жамбыл бөлімшесінің басшылығымен бірлесіп мемлекеттік инспектор мен өндірістік дәрігерлерді шақырып кездесу ұйымдастырып, олар әртүрлі жарақаттар кезінде дәрігерге дейінгі көмек туралы айтып берді, сондай-ақ бөлімше өндірісте жарақат алған бұрынғы жұмыскерлеріне материалдық көмек көрсетті.

Барлық филиалдарда еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспекторлар марапатталды.

Техникалық инспекторлар – бұл еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын ұжым өкілдері. Теміржолшылар өз өмірлері үшін ғана емес, әріптестерінің өмірі үшін де жауапты.

Дәстүр бойынша бүкіл әлемде 28 сәуірде Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеді.

Поделиться:
Популярные новости
182 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

320 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

257 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер