Пресс-релиз
**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еураз�...
ҚР, ҚХР теміржолшылары мен қазақстандық жүк жөнелтушілер күш-жігері мен бірлескен іс-қимылының арқасында Алашаңқай – Достық және Қорғас – Алтынкөл шекаралық өткелдерінде ұзақ тұрып жатқан жабық вагондар проблемасы шешімін тапты. Жағдай қалыпқа келді. Астық жүктері бар барлық тоқтап тұрып қалған жабық вагондар түсіру үшін Қытай жағына берілді.
«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС жүк жөнелтушілерге жүкті басқа жерге жіберу бойынша қабылдаған шаралары мен түсіністіктері үшін алғыс білдіреді, бұл шекара маңындағы учаскелердің өткізу қабілетін арттыру мен азық-түлік жүктерінің жиналып қалу мәселесін жедел шешуге және олардың бүлінуі тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас теміржол өткелдері арқылы Пойыздар алмасу жоспарын келісу бойынша қытайлық әріптестермен келіссөздер жалғасуда. Қытай тарапы астық жүктерін жабық вагондарда қапта қабылдаудан бас тартты, жүктер тек биг-бегтерде болуы тиіс. Ағымдағы жылдың мамыр айында биг-бегтерде тек 50 жабық вагон азық-түлік жүктерін тиеу жоспары келісілді. Осыған байланысты жүк жөнелтушілерге астық тасымалдаудың оңтайлы нұсқасына көшуді ұсынамыз.
Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...