Қызылорда теміржолшылары жаңа жүктерді тасымалдауды игерді
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнына...
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да биылғы жыл экологиялық мәдениет жылы болып жарияланды. Ол «Планетаны таза ұста – өзіңнен баста!» ұранымен өтуде. Басты мақсат – экологиялық қауіпсіздік пен қызметкерлер денсаулығына қамқорлық жасау.
Экологиялық мәдениет жылы аясындағы басты назар Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарын іске асыруға бағытталып отыр. Ол экологияға және табиғатқа ұқыптылықпен қарауға бағдарланған.
Экологиялық мәдениет жылы басталып та кетті. Теміржолшылар «Ағаш отырғыз» акциясына қатысты. Оның мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту, жаңа жасыл аймақтарды жайластыру. Акцияны Атырау локомотив пайдалану депосының қызметкерлері қолдады. Қажетті санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтап, олар ағаш көшеттерін отырғызып, депо аумағын көгалдандыруға белсенді қатысты.
Сондай-ақ «жасыл бастама» аясында «Қоршаған ортаны қорғау» экологиялық сағатын, «Бірге – таза Темір жол», «Табиғатты сақта – батарейканы тапсыр» акцияларын өткізу жоспарлануда. Теміржолшылар станциялардың, деполардың, жол бөлімшелерінің аумағын ретке келтіріп, отын-энергетикалық ресурстардың шығыстарын, қоршаған ортаны ластаушы заттардың шығарылымын төмендету бойынша іс-шаралар өткізеді.
Теміржолшылар отбасыларының балалары арасында «Экология балалар көзімен» тақырыбында үздік сурет байқауы ұйымдастырылады. Қызметкерлер арасында «Өндірістің эко-қауіпсіздігі» және «Жасыл және салауатты кеңсе» конкурстарын өткізу ең үздік жұмыс тәжірибесін анықтауға, қорытындылауға және таратуға және шығармашылық әлеуетті дамытуға, өңірлік және желілік деңгейдегі экологтарды ынталандыру мен көтермелеуге бағытталған.
Сондай-ақ теміржолшылар «Қалдықтарды жинап, қайта өңдеуге тапсыр» экологиялық марафонына және «Қалдықтар-кірістер» акциясына белсенді қатысады. Іс-шараның мақсаты – экологиялық проблемаларға назар аударту. Қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның барлық құрылымдық бөлімшелерінде орнатылған.
Теміржолшылар бұл бастамалардың болат магистральдарды «жасыл» ете түсетініне және болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретініне сенімді.
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Сексеуіл станциясынан биыл жаңа кен орнынан алынған темір кенінің жаңа түрін тасымалдау басталды. Соңғы екі ...
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де теміржол саласының Әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңес тәжірибе алмасу, қолдау және компания қызметкер...
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ҚТЖ желісіне 236 млн тоннадан астам жүк тиелді. Ел ішінде 154 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды,...