Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстар...
Коронавирус пандемиясы таралуының жағдайында жұмыстың күрделілігіне қарамастан, теміржол жұмыс қарқынын төмендетпей келеді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде 60 млн тоннадан астам жүк тиелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артық.
Бірінші тоқсанда ел ішінде 40 млн тоннадан астам жүк тасымалданды, бұл өткен жыл деңгейінен 3 пайызға жоғары.
Экспортқа 21 млн тоннадан астам жүк тиелді, бұл өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді. 27 млн тонна тас көмір тиелді, бұл 2020 жылғы деңгейден 4 пайызға жоғары. Соның ішінде ел бойынша жеткізілген қатты отын 20 млн тонна болса, өткен жыл көрсеткішіне қарағанда өсім 12 пайыз. Экспортқа 7 млн тонна стратегиялық жүк жөнелтілді.
2,3 млн тонна астық тасымалданып, экспортқа 1,7 млн тоннасы жөнелтілсе, бұл өткен жыл деңгейімен сәйкес келеді.
Өткен жылдың ұқсас көрсеткіштерімен салыстырғанда қаңтар-наурыз кезеңінде қара металдар тасымалы 25 пайызға (1,3 млн тонна), түрлі түсті руда 6% (5,5 млн тонна), темір рудасы 2% (6,3 млн тонна) өсті.
Бірінші тоқсанда жүк айналымы 53,4 млрд. т-км құрады.
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...