Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Темір жолда үлгілі вагон деполарын құруға кірісті
1323 / 20.04.2021 00:00

Темір жолда үлгілі вагон деполарын құруға кірісті

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС-де «Үлгілі вагон деполары» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобы құрылды. Бұл жоба вагон шаруашылығының эталоны болатын Алматы және Атырау станцияларының вагон қызметтері базасында енгізілуде. Содан кейін үлгілі деполардың сәтті тәжірибесі басқа вагон кәсіпорындарына таралады.

Жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығымен бекітілген «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС-нің 20 бастамасы аясында жүзеге асырылуда.

Жұмыс тобына Тасымалдау процесі мен вагон шаруашылығының технологиялық жүйелері департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ вагон пайдалану депосының заманауи ақпараттық жүйелерін, атап айтқанда жүк вагондарын жөндеу және оларға қызмет көрсету кезіндегі сандық технологияларды әзірлеу және енгізу – міндеті болып табылатын IT әзірлеуші енгізілді.

«Бірінші кезекте, комиссия болашақ эталондық кәсіпорындар жұмысының технологиялық процесіне зерттеу жүргізеді. Содан кейін депо функцияларын автоматтандыру бойынша техникалық-экономикалық негіздемені есептеу жүргізіледі», – деп атады «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов.

Вагон депосының технологиялық процестері автоматтандырылып, жұмыс тиімділігі мен еңбек өнімділігі артып, есеп беру және есепке алу нысандарының қағазсыз технологиясына көшу жүреді деп күтілуде.

Жоба қолмен енгізуді оңтайландыру және басқа кәсіпорындар мен клиенттермен жедел өзара іс-қимыл жасау есебінен вагондарды өңдеу көлемі мен жылдамдығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Вагондарды пайдалану депосының ақпараттық жүйесі арқылы жөндеуге қабылдау-беру жөніндегі «Бір терезе» тетігін енгізу ауқымды жұмыстың қорытындысы болады.

Орындалатын процестер мен операциялардың ашықтығы деподағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.

Поделиться:
Популярные новости
5 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

277 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

62 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер