Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Павлодарлық теміржолшылар жемқорлықпен қалай күресуде
799 / 17.04.2021 00:00

Павлодарлық теміржолшылар жемқорлықпен қалай күресуде

Станция қызметкерлері мен жүк жөнелтушілердің темір жолдағы тікелей байланыстары алынып тасталды. Жүк жөнелтушілер тасымалдау құжаттарын “Шарттық және коммерциялық жұмыс" автоматтандырылған басқару жүйесі (ШКЖ АБЖ) арқылы онлайн-режимде ресімдейді. Бұл ретте өтінімді қағаз түрінде тауар кассаларына ұсыну қажет емес. Вагондарды беру және алып кету ведомостерін және есепке алу карточкаларын ресімдеу автоматтандырылған.

# Antikor.Live жобасы аясында Павлодар ЖТ бөлімшесінің директоры Мұхтар Жамбылов теміржол жүк тасымалы саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Павлодар бөлімшесінде сыбайлас жемқорлықтық бұзушылықтардың алдын алу бойынша комиссия жұмыс істейді. Оның жұмыс мақсаты – сыбайлас жемқорлықтық тәуекелдерін анықтау және теріс алғышарттарды жою.

"Комиссия бөлімше қызметкерлері, сондай-ақ жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді. Кездесулер мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру", - деп атап көрсетті М.Жамбылов.

Жол бөлімшесі мен оның құрылымдық бөлімшелерінің әкімшілік ғимараттарына кіре берісте барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат, оның ішінде "жедел желі", Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Call-орталығының телефон нөмірлері және пошта мекен жайлары, ұялы телефон нөмірлері және "Адал жол" жобалық кеңсесінің электрондық поштасы орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалар – сатып алулар және кадрлар саласы. Бұнда ашықтық, объективтілік және адалдық қағидасы енгізілуде. Жұмысқа қабылдау, лауазымдардағы ауыстыру туралы шешім аудиожазба жүргізу арқылы комиссиялық түрде қабылданады.

Лауазымға бекіту кезінде емтихан қабылдау, біліктілік беру міндетті түрде аудиожазба жүргізумен комиссиялық түрде жүзеге асырылады.

Станция басшыларының, орынбасарларының, қызметкерлерінің барлық лауазымдық нұсқаулықтарына сыбайлас жемқорлықтық бұзушылықтары үшін жауапкершілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және теміржол жүк көлігіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді сақтау туралы ережелер енгізілген.

Сатып алу рәсімі ашық әрі анық. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландырулар және сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге техникалық ерекшелік ЖШС сайтынан көруге болады. Қызметтер мен тауарларды жеткізушілермен жасалған шарттарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат ережелерінің нормалары жазылған.

Поделиться:
Популярные новости
47 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

56 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

114 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер