Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат д...
Бұған дейін хабарланғандай, Қытай темір жолы азық-түлік жүктерін қабылдамауға байланысты "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС а.ж. 1 сәуірінен бастап тиелген жабық вагондарды бастапқы тиеу станцияларына мәжбүрлі қайтаруға кірісті.
Қазіргі уақытта 354 вагон қайтарылды. 300-ден астам вагонға өтінім келіп түсті. Жалпы қайтарылатын вагондар жиынтығы 700 бірліктен асты.
Жөнелтушілер жүкті тиеу станциясына қайтарады немесе вагондарды жол бойындағы қойма қызметтерімен шарт жасасып, түсіреді. Ағымдағы жылғы 2 сәуірдегі жағдай бойынша тоқтап тұрған жабық вагондардың ішінде шамамен 1100 бірлігі қалады.
Бұл ретте жүк жөнелтушілерден басқа мекен жайға ауыстыруға өтінімдер түсуде.
"Вагондарды алғашқы тиеу станцияларына қайтару-мәжбүрлі шара. Бұндай шешімнің себебі - Қытай теміржолымен жабық вагондардың қабылданбауы, сондай-ақ вагон иелерінің жылжымалы құрамды және жүк жөнелтушілерді қайтару туралы өтініші",-деп атап өтті "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов.
Соңғы төрт айда "ҚТЖ "ҰК" АҚ қытайлық әріптестерімен шекара маңы станциялардағы жағдай бойынша, оның ішінде мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен бірнеше мәрте кеңестер өткізді, алайда жазбаша уағдаластықтарға қарамастан, Қытай тарапы оларды орындауға асығар емес.
Бұдан басқа, тоқтап тұрған жабық вагондар ҚР магистральдық желісінің өткізу қабілетін төмендетеді және де Достық станциясы бағытында тасымалдауды жүзеге асыратын басқа экспорттаушылар жүктерінің экспорты мен транзитіне шектеу шараларын қолдануға мәжбүр етеді.
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жүктерді ҚХР-ға беру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы жүк жөнелтушілерді хабардар етуді жалғастыруда.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...