Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚР мен ҚХР арасындағы темір жол көлігімен  жүк тасымалдау көлемі 16% артады
1188 / 26.03.2021 00:00

ҚР мен ҚХР арасындағы темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 16% артады

Бейнебайланысконференция режимінде ТЖЫҰ комиссиясының жүк тасымалы жөніндегі кеңесі аяқталды. Кеңес жұмысына Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Корей Халық- Демократиялық Республикасы және Моңғолия теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.

Келіссөздер барысында 2021 жылға арналған экспорттық, импорттық және транзиттік жүктерді тасымалдау көлемі келісілді.

ҚР мен ҚХР теміржол әкімшіліктерінің өкілдері 2021 жылға 25,2 млн.тонна жүк тасымалының болжамды көлемін бекітті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,6% жоғары.

Оның ішінде ҚР-дан ҚХР-ға 16 млн.тонна көлемінде тасымалдау көлемі келісілді, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 14,6% жоғары. ҚХР-дан ҚР-ға 9,2 млн. тонна жеткізіледі, бұл өткен жылғы деңгейден 20% артық.

Бұл ретте шекаралық өткелдер: Достық – Алашанькоу арқылы – 16,4 млн.тонна жүк, Алтынкөл – Қорғас арқылы – 8,8 млн. тонна жүк тасымалдау жоспарлануда.

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов тараптар тасымал көлемін арттыруға дайын екендіктерін білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ТЖЫҰ комиссиясы кеңесінің хаттамасына қол қойылады.

Поделиться:
Популярные новости
10 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

448 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер