Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Локомотивтерді жабдықтауды автоматтандыру  дизель отының ұрлаудың алғышарттарын жояды
1529 / 25.03.2021 00:00

Локомотивтерді жабдықтауды автоматтандыру дизель отының ұрлаудың алғышарттарын жояды

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС, "ТЭК - ҚАЗАҚСТАН" ЖШС және "Транстелеком" АҚ өкілдері елордалық локомотив пайдалану депосында локомотивтерге рейс алдында техникалық қызмет көрсету қалай жүргізіліп жатқанын барып көрді.

Іс–шараның басты мақсаты – локомотивтерді жабдықтау процесінің қаншалықты автоматтандырылғанын бағалау, жанармай құю кезінде дизель отынын ұрлау ықтималдығының алғышарттарын жою.

- Тартымдық жылжымалы құрам тұтынатын отын мен электр энергиясына арналған шығындар, темір жолдың ең үлкен шығыс бабы. Оларды азайту үшін трансформациялау бойынша 10 жобаның бірі іске асырылуда. Локомотивтерді жабдықтау процесін бақылау және автоматтандыру – үнемдеу мен энергияүнемдеуге жасалған қадам, өйткені бұл адам факторының әсерін болдырмайды, - деп атап өтті "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов.

Депода тепловоздар жабық ғимараттарда жабдықталады. "ТЭК - ҚАЗАҚСТАН" ЖШС орнатқан жабдық тепловоз багына отын құю кезінде есепке алуды жүргізеді. Компания локомотивтерді дизельді отынмен жабдықтау бойынша (сақтау, төгу-құю және жанар май құю) қызмет көрсетеді.

Тепловозда отынды мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтауға "Энергодиспетчерлік тартым" автоматтандырылған басқару жүйесі (ЭДТ АБЖ) мүмкіндік береді. Энергия үнемдеу бойынша бұл жобаны "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС мен "Транстелеком" АҚ (жүйені әзірлеуші) бірлесіп іске асыруда. Жүйе пойыздардың тартымына отын-энергетикалық ресурстардың шығынын есепке алуды автоматтандырды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мамандары ЭДТ АБЖ және ТЭА отын-үлестіру колонкаларынан алынған деректерді салыстырады, көрсеткіштер арасында алшақтық анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.

Жүргізіліп жатқан жұмыс дизель отынын пайдалануды бақылауды күшейтеді, оның ұрлануын іс жүзінде жояды және дизель отынын сатып алуға арналған шығыстарды қысқартады.

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

279 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер