Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ мен Рохи охани Точикистон  көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
1044 / 19.03.2021 00:00

ҚТЖ мен Рохи охани Точикистон көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Душанбеде өткен кездесуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының жүк қозғалысы жөніндегі орынбасары Дәурен Бимов пен "Рохи охани Точикистон" МУК басшысы Комил Мирзоалиев Қазақстан мен Тәжікстанның теміржол әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Кездесу Қазақстан-Тәжікстан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 16-шы отырысы аясында өтті.

Тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Қазақстандық тарап отандық маневрлік локомотивтерді, жүк вагондарын, сондай-ақ жеңілдікті қаржылық сақтандыру құралдарын қолдана отырып рельс жеткізуді жалғастыруға мүдделі.

Тараптар халықаралық қатынаста билеттерді сатудың маусымдылығы мен мерзіміне байланысты жолаушыларды темір жол тасымалдарына жеңілдіктер қолдану тәжірибесін жалғастыруға ниет білдірді.

Қазақстандық тарап Тәжікстан бағытында контейнерлік тасымалдар дамуының оң қарқының атап өтті. Бастапқы алюминий тасымалдарын контейнерлеуде бірлескен жұмыс жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесуде бизнестің өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, металл, азық-түлік және құрылыс жүктері, машиналар мен жабдықтар, астық сияқты жүктерді контейнерлеудің үлкен әлеуеті бар екендігі атап өтілді.

Тәжік тарапы бүкіл аумақ бойынша жүк тасымалдауды контейнерлеу туралы мәселені қарауға және оны жүк жөнелтушілермен және жүк алушылармен пысықтауға ниетті.

Қазақстаннан Тәжікстан бағытында Амузанг және Кудукли шекаралық пункттері арқылы астық және ұн тасымалдау көлемінің өсуін ынталандыру үшін қазақстандық тарап төмендету коэффициентін 0,4 деп белгілеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Соңында Тәжікстан мен Қазақстан Еуразияның негізгі көлік дәліздерінің қиылысында орналасқандығы атап өтілді, бұл тасымалдарды дамыту және елдердің транзиттік әлеуетін арттыру үшін қолайлы жағдай жасайды.

Поделиться:
Популярные новости
13 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

15 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

64 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер