Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қазақстан мен ҚХР 2021 жылға арналған  тасымалдау көлемін келісуге кірісті
1121 / 17.03.2021 00:00

Қазақстан мен ҚХР 2021 жылға арналған тасымалдау көлемін келісуге кірісті

Кеше бейнеконференцбайланыс режимінде ТЖЫҰ Жүк тасымалы жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы басталды.

Күн тәртібінде: өткен жылғы тасымалдау көлемін орындау қорытындыларын шығару және 2021 жылға арналған экспорттық, импорттық және транзиттік жүктерді тасымалдау көлемдерін тоқсан, жүк түрлері және әрбір шекара өткелі бойынша бөле отырып келісу. Пленарлық отырыстардың негізгі тақырыптары – жүк айналымының жоспарланған көлемін орындау бойынша техникалық және ұйымдастыру іс-шараларын әзірлеу.

Кеңес жұмысына Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Корей Халық Демократиялық Республикасы және Моңғолия теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысуда.

Кеңестің бірінші күні 2020 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-дан Қазақстанға теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2019 жылдың деңгейіне қарағанда 13% өскендігі және 7,6 млн.тоннаны құрағаны атап өтілді. Кері бағытта өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 30% артып, 14 млн.тоннаға жеткен.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов өзінің құттықтау сөзінде талқылау үшін басты тақырып ҚХР-мен шекарада жүктерді өткізу, тасымалдау процесіне қатысушылардың халықаралық келісімдер нормаларын орындауының мәселелері болатынын атап өтті.

Өткен жылдың қараша айынан бастап ҚХР тарапынан карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты Қытай соның ішінде дәнді дақылдар да бар жабық вагондарды қабылдамайды. Ресейде де осындай жағдай қалыптасты.

Комиссия өз жұмысын 19 наурызда аяқтайды. Келіссөздердің қорытындысы ТЖЫҰ комиссиясы кеңесінің хаттамасына қол қоюмен аяқталады.

Поделиться:
Популярные новости
23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

24 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

10 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер