Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Локомотивтерді сапалы жөндеу – тұрақты бақылауда
1189 / 17.03.2021 00:00

Локомотивтерді сапалы жөндеу – тұрақты бақылауда

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов "Қамқор Локомотив" ЖШС - "Астана локомотив жөндеу депосы" филиалына барып, локомотивтерді жөндеу бағдарламасымен танысты.

Депо басшылары кәсіпорынның жұмысы туралы жан жақты айтып берді, және де ВЛ80, 2ТЭ10, ТЭМ-2 сериялы локомотивтердің доңғалақ жұптарын жөндеу цехын, сондай-ақ ТЭ33А сериялы тепловоздарға сервистік қызмет көрсету барысымен таныстырды.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін локомотив депосының техникалық мүмкіндіктері, соның ішінде жұмыс сәттері талқыланды, сондай-ақ локомотивтердің жөндеуде болу мерзімін азайту мәселелері пысықталды.

"Тартқыш жылжымалы құрамды сапалы жөндеу пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді және көп жағдайда локомотив паркін пайдаланудың тиімділігін анықтайды. Біз алдымызға локомотивтердің жоспарлы әр түрлі жөндеуде болуы уақытын азайтуды алдымызға міндет етіп қойып отырмыз", - деп атап өтті Қ.Көбесов.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-да локомотивтердің техникалық жағдайын жақсарту шаралары жүзеге асырылуда. Локомотивтерді жөндеу сапасына тұрақты негізде аудит жүргізіледі. Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттеріне (ЛТҚК) және сервистік орталықтарға оларды қажетті материалдармен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге мониторинг жүргізіледі.

Поделиться:
Популярные новости
22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

7 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер