Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
804 / 03.03.2021 00:00

Өз бақыты үшін алғыс айту

Осыдан 40 жыл бұрын пойызда ұл тапқан әйел, оған ана бақытын сыйлаған жолсерік пен жолаушыны іздейді.

Жас отбасы Алматыдағы туыстарында болып, туған қалалары Көкшетауға Алматы-Свердловск бағытындағы жолаушылар пойызымен қайтып келе жатады.

- Бұл күн қазіргідей анық есімде. 1980 жылдың 15 шілдесінде күйеуім екеуміз ұшақпен Алматыға бірнеше күнге ұшып кеттік. Мен ештеңеден қорықпадым, өйткені қасымда күйеуім болды. Тұңғышымды босанатын күн шілде айының соңында делінді. Бірақ та, мүмкін, ауа райы мен күннің ысуы босануға түрткі болған да, - деп еске алады Жұпар Төреғожина.

Қарағанды станциясынан кейін пойызда әйелдің толғағы қысып, су кетіп қалды. Абыржып қалған жұбайы жолсерікті көмекке шақырды.

- Көк көйлек киген Болат есімді 30 жасқа дейінгі ер адам келді. Ол мені қызметтік купеге ауыстырды, - деп еске алады әйел.

Жолсерік дүрбелең мен әбігерге салынбай, бұл іс оған таңсық емес адамдай, әйелді сәбидің дүниеге әкелуін дайындай бастады. Ол жабынды мен сүлгілерді алып келуді өтінді. Пойыз бастығы дауыс зорайтқыш арқылы: "Құрметті жолаушылар! Шұғыл түрде дәрігердің көмегі қажет! Әйел босанайын деп жатыр!» деп хабарландыру жасады.

Шақыртқанға үн қатқан сұңғақ бойлы, арықша келген словян жүзді қыз бала акушерлікке оқыған болып шықты.

Ол дәл сол кезде дипломын қорғап үйіне қайтып бара жатыпты. Екеуі тез әйелді босандырып алды, нәрестенің жылаған даусы бүкіл вагонға естілді. Салмағы 3340 г. бала дүниеге келді, босанған әйелді Целиноград (қазіргі Нұр-сұлтан) станциясында жедел жәрдем көлігі қарсы алды. Жас ана бірнеше күнді теміржол ауруханасының перзентханасында өткізді. Ол үйге оралғанда, әкесі мен қайын атасы тұңғышына Амангелді есімін берді, бұл осы әлемге аман – есен, ең бастысы зақым алмай келгенді білдіреді,.

Бүгінгі таңда пойызда өмір есігін ашқан Амангелді Ақмола ЖТ бөлімшесінде жұмыс істейді, темір жолға ол әкесінің ізімен келді. Отағасы Есенбай Төреғожин Көкшетау-2 станциясында вагон қараушы болып 40 жылға жуық жұмыс істеді. Отбасында үш бала тәрбиеленді. Олардың барлығы теміржолшылар.

- Біз сол қайырымды адамдардың аты-жөндерін де сұрамаппыз, олардың деректерін де жазып алмаппыз, мен әрқашанда оларды тауып алып, өз бақытым үшін, өзімнің балам үшін оларға жеке алғысымды жеткізгім келді. Егер олар біздің жолымызда кездеспегенде, не болуы мүмкін екендігі туралы жиі ойлаймын", - дейді әйел.

Осы жарияланымнан кейін біреу сол күнгі оқиғаларды есіне түсіріп, біз кейіпкерлерімізді таба аламыз деп үміттенеміз.

Поделиться:
Популярные новости
145 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

251 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

97 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер