Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Отынды үнемді шығындау локомотив бригадасының шеберлігіне байланысты
760 / 01.03.2021 00:00

Отынды үнемді шығындау локомотив бригадасының шеберлігіне байланысты

Отын-энергетикалық шығындардағы өніксіз шығындарды азайту - "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС трансформациялау бойынша 10 жобасының бірі. Теміржол көлігіндегі энергиятиімділігіне жылжымалы құрамның отын тұтынуын азайту арқылы қол жеткізуге болады.

"ҚТЖ "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Дәурен Бимов пен "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов Ақмола бөлімшесінің Жалтыр – Атбасар учаскесінде локомотив бригадасымен мақсатты сапар өткізді. Сапар екі сағаттан астам уақытқа созылды. Басшылар машинист пен оның көмекшісінің үйлесімді жұмысын атап өтті.

Локомотив бригадасы "Энергодиспетчерлік тартым" автоматтандырылған басқару жүйесінің (ЭДТ АБЖ) жұмысын көрсетті. Жүйенің басты міндеті – отын-энергетикалық ресурстарды бақылау және есепке алу. Адамның араласуынсыз ақылды жүйе дизель отыны мен электр энергиясының нақты шығынын әр локомотив жасаған жұмыс параметрлерімен салыстырады. Қашықтықты, қозғалыс жылдамдығын, жүктің салмағын, жұмыс режимін, жол профилін бағалайды және отынның артығымен жұмсалуы немесе локомотивтің шамадан тыс пайдалануының режимі жағдайында белгі береді. Жүйенің барлық ақпараты нақты уақыт режимінде қажет болған жағдайда жедел шешімдер қабылданатын локомотив депосы мен Орталық аппаратқа келіп түседі.

Қазіргі уақытта жүйемен "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС паркінің барлық локомотивтері жабдықталған. Бұл 2020 жылы отын шығының 11 мың тоннадан астамға азайтуға мүмкіндік берді.

Пойызды басқару – үлкен жауапкершілік. Машинист локомотивтің құрылымын, жолдың профилін, дабылдардың орналасуын, станциялар мен аралықтар бойынша жылдамдық режимдерін егжей-тегжейлі білуі тиіс. Пойызды жүргізу кезінде тежегіштерді басқаруда үлкен шеберлік таңытып, дизельдің айтарлықтай тиімді жұмысын таңдау керек.

- Құрамды басқарушы машинистің табысты жұмысы теміржол барлық құрылымдарының: жолшылар, энергетиктер, белгі беруші- байланысшылар, пойыз диспетчерлері және өзгелер күш-жігерінің шоғырлануына, барлық өндірістік процестердің нақты жұмысына байланысты. Бұл әсіресе аралықтар мен учаскелерден өтіп бара жатқан кезде көп тонналы пойызды сүйреген машинист кабинасынан қарағанда қатты аңғарыладыі. Машинистің сергектігінің белгісі ретінде – алақанды сәлемдесу ретінде алға созу деген ұғым бар, және де сен әрбір қызметкердің қауіпсіздікті арттыру процесіне тартылғаның түсінесің, - деді Қ.Көбесов.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС үшін биылғы жылға арналған трансформациялау жобалары аясындағы маңызды міндет үнемді өндіріс бойынша енгізілетін іс-шаралардың тиімділігін арттыру болып табылады.

Поделиться:
Популярные новости
19 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

346 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

50 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер