Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
841 / 01.03.2021 00:00

Басты міндет – темір жолдағы «нөлдік жарақаттыққа» қол жеткізу

Темір жолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу тәртіпті ұстану, қауіпсіз еңбек мәдениетін сақтау және бұзушылықтардың алдын алу арқасында мүмкін болады. Бұл жөнінде "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесовтың Қызылорда ЖТ бөлімшесі Белкөл станциясының жұмысшыларымен кездесуі барысында сөз болды.

Жұмыс сапарының мақсаты – еңбек қорғау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша қабылданған шараларды тексеру. Белкол станциясы байыпты сөйлесу үшін кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Осы жыл қаңтар айының соңында мұнда қайғылы оқиға орын алды. Жылжымалы құрамның басуы салдарынан 39 жастағы пойыз құрастырушысы мерт болды. Марқұмның теміржол көлігіндегі жұмыс өтілі - 14 жыл, оның екі жылға жуығы – құрастырушы. Ер адамның жұбайы мен 5 баласы қалды. Қанат Көбесов жесір әйелге барып, теміржол басшылығы атынан көңіл айтты. Отбасына қажетті көмек көрсетіліп, біржолғы жәрдемақы төленеді.

Қанат Көбесов жұмыс сапары барысында қауіпсіз жұмыстарды, соның ішінде станциядағы маневрлік жұмыстарды жүргізу мәселелері бойынша, жүк пен багажды құрастырушылар мен қабылдап-тапсырушылардың теориялық және практикалық дайындығының деңгейін бағалады.

- Темір жолдағы пойыздар қозғалысының және маневрлік жұмыстың қауіпсіздігі еңбекті қорғаумен тығыз байланысты. Бұнда ұжым мен басшылықтың жалпы кешенді жұмысы қажет. Жұмыс кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың барлық талаптарын орындау қажет. "Нөлдік жарақаттанудың" алғышарты алдын алу шарасы болуы тиіс, - деп атап көрсетті Қанат Көбесов.

Жарақаттанудың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін сақтау үшін "Назар аударыңыз – құрастырушы" акциясы аясында бірқатар алдын алу іс-шаралары өткізіледі. Олардың арасында теміржолшылардың кәсіби құзыреттілік деңгейін үздіксіз арттыруды ұйымдастыру, міндетті түрде арнайы киім, арнайы аяқ киім кию және жеке қорғаныш құралдарын қолдану бар. Өндірістік жарақаттануды төмендету және өмір мен денсаулықты сақтау үшін жұмыскерлердің технологиялық процестерді орындауы кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауын бақылау күшейтілді.

Қанат Көбесов станция бойынша кезекшінің, тауар кассирінің, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушының және басқалардың еңбек жағдайымен танысты.

Өткен жылы "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС-да жазатайым оқиғалардың алдын алу, оқытуды жетілдіру және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды насихаттау бойынша 130-дан астам іс-шара жүзеге асырылды. Бұл мақсатқа жұмыс беруші 1,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

Поделиться:
Популярные новости
13 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

427 / 06.03.2024

«Қазақстандық салалық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ҚБ филиалының қызметі

«Қазақстандық салалық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ...

91 / 05.03.2024

Астана қаласы, 5 наурыз 2024 жыл.

Бүгін Астанада Достастыққа мүше мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің Вагон шаруашылығы комиссиясының 77-ші отырысы баста...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер