Басты міндет – темір жолдағы «нөлдік жарақаттыққа» қол жеткізу
Темір жолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу тәртіпті ұстану, қауіпсіз еңбек ...
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Дәурен Бимов өзінің жұмыс сапары барысында Шымкент ЖТ бөлімшесінің жұмысын бағалап, еңбек ұжымымен кездесті.
Қызу әңгіме барысында өзекті мәселелер қозғалды. Дәурен Бимов "ҚТЖ" ҰК "АҚ басшылығы бекіткен "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-ның ТОП - 30 жобасын іске асыруға және бес стратегиялық секторды: клиенткебағдарлану, бәсекеге қабілеттілік, жүйелеу, цифрландыру, кірістілік сияқты дамытуға бағытталған жобаларға назар аудартты.
ТОП-30 шеңберінде үлгілі болып табылатын құрылымдық бөлімшелердің жұмысы барынша тиімді ұйымдастырылатын болады. Нәтижелі тәжірибе ары қарай өзге де бөлімшелерге таратылады. Шымкент және Қостанай жол бөлімшелері эталон болуы тиіс. Осы құрылымдар басшылығы мен ұжымында үлкен жауапкершілік жатыр, табыстың өсіміне қол жеткізілуі үшін технологиялық және басқарушылық процестер тиімділігін арттыру және жетілдіру бойынша міндеттер қойылған.
Үздіксіз жақсару үрдісі еңбекті қорғау мәселелерінде сақталуы тиіс, өйткені мақсат – нөлдік жарақаттануға қол жеткізу. Қазіргі жағдайда бәсекеге қабілетті болуға, пайда әкелуге, ал клиенттерге – ыңғайлылық, уақыт пен қаржы үнемдеуге тиіс өндірістік процестерді цифрландыруға екпін берілетін болады.
Құралдар кешенін енгізу есебінен отын мен электр энергиясының үлестік шығынын азайтуға қол жеткізілетін болады, пойыздық учаскелерге қызмет көрсету иінін ұзарту бойынша жобалар енгізіліп, маневрлік қозғалыс машинисінің жұмысы "бір тұлғаға" және басқасына ауыстырылды.Үлгілі бөлімше тиімділік, өндірістік көрсеткіштерді орындау, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша көшбасшы болуға ұмтылып отыр.
Жаңашылдықтарды енгізу нәтижесі тек қана шығындарды азайтып қана қоймай, жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардың қанағаттанушылығы мен адалдығын арттырып, іскерлік беделін жақсартады.
Үлгілі бөлімшелердің тиімді жұмысы назардан тыс қалмайды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан филиал қызметкерлер жалақысының 10% өсуі табысқа жетуді өзіндік ынталандырудың болды. Шымкент бөлімшесіне қатысты айтқанда, еңбекақы төлеу кестесінде өзгеріс болып, нәтижесінде теміржолшылардың ай сайынғы сыйақысы тағы 14% өсті.
Әңгіме барысында еңбек ұжымы жаңа буын бөлімшесін құруда ескірген шешімдер мен басқару тәсілдеріне орын жоқтығы бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.
Темір жолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу тәртіпті ұстану, қауіпсіз еңбек мәдениетін сақтау және бұзушылықтардың алдын алу арқасында мүмкін ...
Отын-энергетикалық шығындардағы өніксіз шығындарды азайту - "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС трансформациялау бойынша 10 жобасының бірі. Теміржол көлігінд...
ҚХР-мен шекаралас станциялардағы жағдай күрделі күйінде қалуда. Ковидке қарсы қатаң шектеу шараларға қатысты көрші ел жүк тиелген вагондарды қаб...