«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған ...
COVID-19 жағдайындағы қазақстандық-қытайлық шекарадағы өткізу пунктерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша бейнеконференция форматында ҚР мен ҚХР өкілдерімен бірқатар келіссөздер жүргізілді.
Келіссөздер үстеліне «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының жүк қозғалысы бойынша орынбасары Дәурен Бимов бастаған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және ҚТЖ бас директорының орынбасары Лу Чжоу бастаған «Үрімші темір жолдары» ЖШҚ делегациялары отырды. Келесі күні келіссөздер ҚР мен ҚХР мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен болып өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев бастаса, қытайлық делегацияны – Қытай Халық Республикасы Синьцзян-Ұйғыр автономиялы ауданы Халық үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Чжан Чуньлинь бастап келді.
Күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі – Алашаңқай станциясында ҚР келген жүк пойыздарын қабылдауды арттырып тәулігіне 18-20 пойызға дейін, ал Қорғас станциясында тәулігіне 8-10 пойызға жеткізу. Өткен жылы ҚХР тарапынан енгізілген қатан эпидемиологиялық шараларға байланысты Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелдерінде қазақстандық тарапта 16 мың тиелген вагон жиналып қалса, қытайлық тарапта – 6 мыңға дейін.
Келіссөздер нәтижесінде қытайлық тарап ҚР жүк пойыздарын қабылдауды арттыру бойынша шаралар қабылдайтын болады: Алашаңқай станциясында – тәулігіне 18 пойыз, ал 1 наурыздан тәулігіне 20 пойыздан, Қорғас станциясында – тәулігіне 8 пойыз, 1 наурыздан тәулігіне 10 пойыз.
Тараптар жоспарланған жүк көлемін қабылдау мен өңдеу үшін Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас станциялары бойынша қайта тиеу терминалдарының қуаты толық дайын екендігін атап көрсетті.
Бұл ретте қытайлық тарап ҚР аумағында тоқтап тұрып қалған азық түлік жүгі бар жабық вагондарға қатысты жедел шаралар қабылдайды. 1 ақпаннан ҚХР Алашаңқай мен Қорғас станциялары аумағында тұрған жабық вагондарды түсіруді бастады. Сөз 430 жабық вагон туралы болып отыр. Ары қарай Қазақстан аумағында тұрған 2200 жабық вагондарды қабылдау жоспарланған. Вагондарды ұзақ қабылдаудың бір себебі – қытайлық тарапта жылжымалы құрамға зарарсыздандыру жүргізу. Осыған байланысты қазақстандық тарап Қытай мемлекеттік сәйкестікті бағалау жөніндегі комитетімен (CNAS) акредиттелген және сертификаты халықаралық деңгейде танылған сертификаттау жөніндегі «China Certification & Inspection Group» (CCIC) компаниясын тарта отырып, сыртқы зарарсыздандыру рәсімдерін жүзеге асыруға дайындығын мәлімдеді.
Сондай-ақ бейне-конференция барысында тараптар ҚР мен ҚХР арасындағы шекаралық өткелдердің инфрақұрылымын ары қарай да дамытуда бірлескен шаралар қабылдауға уағдаласты.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған Welcome-тренинг сәтті өтті. Бұл тренинг жаңа қызметкерлердің ұжымғ...
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...