ҚТЖ бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
«ҚТЖ» ҰК» А...
2020 жылғы 24 желтоқсанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, ҚР және ҚХР шекаралық өткеліндегі ағымдағы жағдайды бағалау үшін «Атамекен» ҰКП өкілдерінің, ірі жүк жөнелтушілердің, вагондар (контейнерлер) операторларының және экспедиторлардың қатысуымен Достық станциясына шығуды ұйымдастырды.
Бүгінгі таңда коронавирустық инфекция пандемиясының алдын алу үшін қытай тарапының карантиндік шараларды күшейтуі нәтижесінде Қытай тарапының қабылдамауына байланысты ҚХР бағытында жүк вагондарының ұзақ тұруы мәселесі байқалады.
Шекара өткелі–Алашанькоу бойынша жүк поездарын тәулік сайын өткізу орташа 8-12 бірліктен аспайды, қажет болған жағдайда кемінде 18 бірлікті құрайды.
Сапар барысында қатысушыларға Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы өтетін және кесте бойынша келген екі поезда контейнерлерді қайта тиеу, жүктерді қабылдау және жөнелту процесі көрсетілді.
Сондай-ақ, «Достық» БӨП шектеу қызметінің, станцияда қайта тиеу процесін жүзеге асыратын вагондар мен объектілердің орнын ауыстыру пунктінің жұмысы көрсетілді.
Тексеру қорытындысы бойынша Көлік комитеті төрағасының орынбасары Ж.Ж. Тайжановтың төрағалығымен кеңес өткізілді және қалыптасқан жағдайды шешу үшін бірқатар шаралар талқыланды.
Сондай-ақ, кеңес барысында Достық станциясының жұмысымен танысудың қорытындысы бойынша бизнес өкілдері ҚХР-ға жүктерді тапсыру кезінде қазақстандық тарапта шектеулердің жоқтығына және «ҚТЖ»ҰК» АҚ Алашанькоу станциясы бойынша ҚХР енгізген шектеулерді алып тастау кезінде жеткізу көлемін тәулігіне 18 жұп жүк пойыздарына дейін ұлғайтуға дайын екендігіне көз жеткізді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру ша...
ҚТЖ-да биылғы астық пен жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайындық бойынша брифинг болып өтті. Астық тасымалдау 2024 жылдың жеті айында ...
Компания бойынша ағымдағы жылдың шілдесіндегі жұмыс қорытындылары бойынша техникалық жоспарға қатысты барлық пайдалану көрсеткіштерін, яғни сапа...