Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Мақсатқа жетуде – әр қызметкер маңызды
819 / 24.12.2020 15:45

Мақсатқа жетуде – әр қызметкер маңызды

Жұмыс сапары шеңберінде «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов Ақмола, Павлодар, Семей ЖТ бөлімшелеріне ат басын тіреді.

Сапар өте мазмұнды болды. Ол келесідей: Нұр-Сұлтан, Шідерті, Екібастұз, Павлодар, Жаңа-Семей, Семей, Өскемен, Ерейментау, Бабатай станциялар мен локомотив және вагон деполары жұмысымен жақын танысты.

Жол бөлімшелерінде Қанат Көбесов пойыздар қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі нақты жағдай мен қозғалыс кестесін орындау, пойыздық жағдайды бағалай отырып, кезекшілермен, пойыздық және маневрлік диспетчерлермен әңгімелесті.

Локомотив деполарында депо бойынша кезекшілердің, инженер-шешушілердің, нарядшылардың кабинеттерін, ауысым алдындағы медициналық тексеруден өту бөлмелерін аралап көрді. Станцияда кезекшілер постында, станциялық дөңесте, тауарлық кассаларда болды.

Барлық кәсіпорындарда еңбек жағдайы мен қауіпсіздігі, техникалық жарақтандырылуына, сондай-ақ жұмыс орындарында коронавирус індетінің таралмауы бойынша қабылданып жатқан шараларға назар аударылды.

Еңбек ұжымымен болған кездесу барысында Қанат Көбесов орталық аппарат пен желілік кәсіпорындар арасындағы барлық мәселелер бойынша ашық үнқатысуды сақтақ маңызды екендігін алға тартты.

- Ортақ мақсатқа жету процесінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС командасының әрбір қызметкері маңызды.

Ортақ көзқарасты, бір мақсат пен бірыңғай қағидаттармен, күшті әрі ұйымшыл ұжымды қалыптастыру 5к қағидаты: компания, ұжым, клиенттер, бәсекелестер, серіктестер бойынша жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорынды дамытудың идеальды картинасын жасауға бағытталған идеологияның бөлігі, - деді ол.

5к принципі бойынша ЖШС өз деңгейлерінде үздік болуға тырысады.

- Барлық қызметкерлерді тарту есебінен біз өз қызметімізде сапаны басқарудың үздік стандарттарын басшылыққа алатын, көлік нарығында жоғары табысты, инновациялық, озық компания жасаймыз, - деді Қ. Көбесов.

Оның сөзіне қарағанда, теміржолшы мамандығының беделін арттыру, қызметкер әлеуетін жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер құру және еңбек жағдайын жақсарту, өнімділікті арттыру компания үшін өзгермейтін басымдықтар болып қала береді. Қызметкер болат магистарльда жұмыс істейтіндігін мақтан тұтуы керек.

ЖШС клиенткебағдарлану бағытын ұстанады. Клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сервистік саясат қайта қаралатын болады. Бұл жұмыстың басты ұраны – «клиенттер – риза әрі адал». ЖШС командасының барлық мүшелерінің ортақ үлесінің арқасында әріптестер сенімі мен бәсекелестердің құрметіне ие болу.

Сондай-ақ Қанат Көбесов теміржолшылар сұрақтарына жауап берді және олардың еңбек жағдайлары мен тасымалдарды ұйымдастыруды жақсартуға қатысты ұсыныстарын тындады. 

Поделиться:
Популярные новости
34 / 15.01.2025

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған Welcome-тренинг сәтті өтті. Бұл тренинг жаңа қызметкерлердің ұжымғ...

499 / 30.12.2024

Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат

Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...

567 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер