Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Мемлекеттік органдар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және бизнес күш біріктіруде
817 / 10.12.2020 09:45

Мемлекеттік органдар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және бизнес күш біріктіруде

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған «ҚХР-ға отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдаудың қазіргі жағдайы және перспективасы» атты ZOOM-конференциясына қатысты.

92 қатысушының қатарында - ірі экспорттаушылар, Қазақстан астық өндеушілер одағы, «KazGrain экспорттаушылардың ұлттық қауымдастығы сияқты салалық қауымдастықтар өкілдері және өзгелер бар.

Өз баяндамасында Қанат Көбесов ұлттық жүк тасымалдаушы Достық – Алашаңқай шекаралық өткелінде Тасымал жоспарын толық көлемде орындау мен үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін барлық кедергілерді жою және өткізу мүмкіндігін жақсарту бойынша шаралар қабылдауда екендігін атап көрсетті.

Атап айтқанда, Үрімші темір жолы өкілдерімен тиелген пойыздарды қабылдауды екі есеге – тәулігіне 14 жұп пойызға дейін қабылдау келіссөздері жүргізілді. Теміржолшының пікірі бойынша, бұнда үлкен әлеует бар.

Қанат Көбесов «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Үрімші темір жолдары арасында Ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде тәулігіне 18 жұп пойызды кедергісіз қабылдау және беру мүмкін екендігін қаперге салды.

Достық – Алашаңқай шекаралық өтпесі арқылы осыншама пойыздар алмасымы осы жылдың жазында жүзеге асырылды.

Қазақстандық шекаралық станциясы сондай көлемдегі вагондар беруді қамтамасыз етуге дайын. Алайда, қазіргі кезде қабылдауды 12 мыңнан астам вагон күтіп тұр. ҚХР тарапының қатан санитарлық бақылауы салдарынан қабылдаудың шектелуі жылжымалы құрамның жиналып қалуына ықпал етті. Аталған тәртіп бүгінгі күнге дейін сақталып отыр.

- Біз онлайн режиміндегі үнқатысуға дайынбыз. Қытайлық әкімшілік өкілдерімен шекаралық теміржол өткелдері арасындағы тасымалдарды ұйымдастыру мәселелері әр сейсенбі сайын талқыланатын болады. Бізде қытайлық әріптестермен айтарлықтай тиімді коммуникация үшін техникалық мүмкіндіктер бар, келіссөздер процесіне мүдделі мемлекеттік органдарды да қосылуға шақырамыз, - деді Қанат Көбесов.

Қазақстандық теміржолшылар ҚХР келетін пойыздарды белгіленген мерзімде және көлемде қабылдайтындығы атап көрсетілді. Сонымен қатар, тиеуге мәжбүрлік тыйым салу іс-әрекетімен байланысты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жүкжөнелтушілерге Тиеу жоспарын орындамағаны үшін салынатын айыппұлды алып тастады.

Жалпы, екі ел арасындағы жүк айналымы жыл сайын артып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда, 2020 жылы бұл көрсеткіш 47% өсті және де 19,5 млн. тоннаны құрады. Соңғы жылдары екі ел Достық пен Алашаңқай, Алтынкөл – Қорғас станциялары қуаттарын арттыру және транзиттік тасымалды дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Қанат Көбесов жүйелі мәселелерді анықтау мен олардың шешімін іздеу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, отандық экспорттаушылардың және өзге де құрылымдардың қатысуымен жедел топ құруды ұсынды.

Аталған ұсынысты Қазақстан астық өндеушілер одағының президенті Евгений Ган қолдады. Оның пайымынша, жүйелі мәселелерді бірлескен күш-жігермен ғана шешуге болады: «Біз тек «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істегіміз келеді, мейлің тек «ҚТЖ» ҰК» АҚ ғана. Көпқұрылым жұмысқа кедергі келтіреді».

Өз кезегінде экспорттаушылар «Астық Транс» АҚ тарапынан вагондардың тұрып қалуына нормативтен тыс негізсіз айыппұлдар салуына шағымданды. Олардың пікірінше, форс-мажорлық жағдай ескерілуі тиіс. Жүкжөнелтушілер осындай күрделі жағдайда мемлекет тысқары қалмауын, бұл ретте «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Атамекен және мүдделі министрліктер күш-жігерлерін біріктіруі керектігін атап көрсетіп жатты.

Онлайн-конференцияны аяқтай келе модератор, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарушы директоры Ербол Есенеев темір жол, салалық қауымдастықтар өкілдерімен осындай кездесу өткізу күткендегідей нәтиже беретіндігін алға тартты. 

Поделиться:
Популярные новости
37 / 10.12.2024

Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды.

Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас инженері М. К. Көкрекбаев еңбек қауіпсіздігі ж...

123 / 04.12.2024

«Тіл - мемлекеттіліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «Тіл - мем...

478 / 02.12.2024

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің 5 мыңға жуық қызметкерін жеткізу жаңа автокөлікпен жүзеге асырылатын болады

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС компания филиалдарына 36 бірлік жаңа автокөлік сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 7 бірлік жеткізу жоспарлануда. Жолаушыл...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер