Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тие...
Синьзянь-Ұйғыр автономиялық ауданының (ҚХР) мемлекеттік комиссиясы COVID-19 таралуын болдырмау үшін қытайлық тарапта жүктерді қабылдау және қайта тиеу кезінде бақылау шараларын қатаңдатты.
Комиссия шешімімен бақылаушы органдармен әрбір вагондағы жүктердің сынамасын алу рәсімі, міндетті түрде контейнерлерді зарарсыздандыру мен өңдеу енгізілді. Қаптардағы өлшенген астықты қабылдауға тыйым салу мәселесі қарастырылуда, өтйекні қазіргі кезде әрбір вагонды ғана емес, сонымен қатар әрбір қап тексерілуде.
Күнделікті коронавирусқа ПТР-тестен өту қажеттігімен байланысты жүктерді қайта тиеуде жүктеушілер саны кеміп кетті. Бұл ретте Қазақстаннан келген пойыздарды шекаралық бақылау уақыты артты.
Бұның барлығы жүктерді кең табанды вагондардан тар табанды вагондарға уақытылы қайта тиеуді қамтамасыз ете алмауға алып келді.
Ағымдағы жылдың 15 қарашасынан Қазақстаннан келген пойыздарды қабылдау тәулігіне 15-16 пойыздан 10-11 пойызға дейін қысқарды.
Осыған байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша ҚХР бағытындағы тиелген вагондар (10 мың вагоннан астам) саны артса, қозғалыстан 6,5 мың вагон тоқтатылып қойылды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ ағымдағы жылдың 23-інен бастап 30 қарашасына дейін Достық-Алашаңқай түйіспесі арқылы ҚХР бағытына жұмыркесек үшін жартылай вагондар мен контейнерлерден, биг-бэгтердегі жүктерден өзге жүктерді тиеуге тыйым салу шараларын қабылдады. Ағымдағы жылдың 24 қарашасынан 4 желтоқсан бойынша жүк контейнерлерінен өзге транзиттік жүктерді тасымалдауға тыйым салынады.
Жағдай өзгерген кезде қабылданған шаралар алынып тасталады.
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың 11 айында 1,3%-ға ар...