Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды.
Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-...
Ұлттық тасымалдаушы әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдауға басымдық беріп келеді. 2020 жылдың сегіз айында теміржол көлігіндегі астық тиеу 5, 2 млн. тонна болса, соның ішінде Қазақстан бойынша – 1, 4 млн. тонна. Ұнтақ өнімдері 1,6 млн.тонна болса, соның ішінде экспортқа - 1 млн. астам тоннасы. Қазақстандық астық Орталық Азия елдеріне, Иран, Ауғанстан және Қытайға экспортталады. Еліміздің солтүстік өңірлерінен астық пен ұнтақ өнімдері маршруттық пойыздармен экспортқа жөнелтілуде. 8 айда 437 құрам жасақталды және жөнелтілді.
Астық тасымалдауды бағыттау жүкжөнелтушілердің шығыны мен тасымал уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік маңызды жүктерді жеткізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, жүкжөнелтушілермен жедел өзара әрекеттесуде. Ағымдағы жылдың 1 қазанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасарының төрағалығымен Астық және ұнтақ өнімдерін жыл сайынғы тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі штаб жұмысына кіріседі. Оның құрамына Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Азық түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-ның, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің, Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының, Астық өндеушілер одағының, Қазақстан Астық Одағының өкілдері, ТОО «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «Қазтеміртранс» АҚ, «Астық Транс» АҚ, «KTZ Express» АҚ басшылары кірді. Штаб астық кампаниясын үйлестіруде жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Астық пен ұнтақ өнімдерін тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жедел штаб «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС де құрылатын болады. Оның ең басты мақсаты – туындаған мәселелерді жедел шешу, Орталық Азия елдеріне бағытталған жүкағының бағыттау мәселелері бойынша жол бөлімшелері жұмысын, жүкжөнелтушілер мен жүктерді қабылдап алушылардың өзара әрекеттесуін үйлестіру.
Вагондарды дер кезінде қабылдау мен рәсімдеу үшін Ақмола, Қостанай және Маңғыстау жол бөлімшелерінде жедел астық топтарының тәулікбойғы жұмысы ұйымдастырылады.
- Жүкжөнелтушілер тиеу мен вагондар айналымы ырғағын сақтауды қамтамасыз еткен кезде жаңа астықты қолда бар астық тасушы жабық вагондар паркімен де шығаруға болады, - деп атап көрсетті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС тасымалдауды жоспарлау жөніндегі атқарушы директор Нұржан Келбұғанов.
Оның мәліметіне қарағанда, қазақстандық паркте 17 мыңнан астам жабық вагон бар, соның ішінде шамамен 8 мың данасы «Қазтеміртранс» АҚ иелік етіп келеді. Астық тасымалы паркінде 10 мың дана вагон болса, жылжымалы құрамның жартысынан астамы «Қазтеміртранс» АҚ басқаруында.
Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып Ұлттық тасымалдаушы бастамасы бойынша мүдделі министрліктер мен ведомстволар, дәнді дақылдармен айналысатын негізгі жүкжөнелтушілер өкілдерімен жаңа астықты тасымалдау мәселелері талқыланатын онлайн-кеңес өткізіліп тұрады.
Әлеуметтік маңызды жүктерге және де көмір кіреді. Қаңтар-тамыз кезеңінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 64, 5 млн. тонна қатты отын тиелді. Соның ішінде қазақстандық тұтынушыларға – шамамен 47 млн. тоннасы.
Теміржолшылар жылыту маусымының сәтті өтуі тек тасымалдаушыға ғана емес, тасымал процесіне қатысушылардың үйлесімді күш-жігеріне де байланысты.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен көмірді дер кезінде жеткізу мәселелері бойынша онлайн форматта тұрақты кеңестер өткізіліп тұрады. Оларға энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық министрліктерінің, Кәсіпкерлер мен қызмет көрсетушілер қауымдастығының, «Атамекен» ҰКП, ірі көмір өндірушілер мен энергетикалық кәсіпорындар өкілдері қатысады.
Компанияда вагондар айналымын орындауды, жүкжөнелтушілер тапсырысын қамтамасыз етуді бақылайтын, сондай-ақ ЖЭЦ және МАЭС қоймаларындағы қатты отын қоры қалдықтарына мониторинг жүргізетін көмір тасымалы жөніндегі жедел штаб жұмыс істейді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жартылай вагондар қажетті көлемде бар. Қазақстан аумағында бұндай вагондардың 59 мыңдайы тіркелімде және олардың 55% қатты тұрмыстық отынды тасымалдауға кірістірілген.
Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас инженері М. К. Көкрекбаев еңбек қауіпсіздігі ж...
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «Тіл - мем...
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС компания филиалдарына 36 бірлік жаңа автокөлік сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 7 бірлік жеткізу жоспарлануда. Жолаушыл...