Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚТЖ локомотивтерді қысқы жағдайда жұмыс істеуге әзірлеуде
1444 / 14.09.2020 00:00

ҚТЖ локомотивтерді қысқы жағдайда жұмыс істеуге әзірлеуде

Қыркүйектің 10-нан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «Локомотивтерді пайдалану депосы» филиалдарында локомотивтерді кезекті күзгі комиссиялық байқау (ККБ) бастау алды.

Оның ең басты мақсаты – жылжымалы құрамды тартудың техникалық жағдайын және де оның қыс жағдайында жұмыс істеуге даярлығын тексеру. Биыл 1300 астам локомотив байқаудан өткізіледі.

Күзгі комиссиялық байқау өткізу үшін әрбір локомотив пайдалану депосында депо директорларының төрағалығымен комиссиялар құрылған. Комиссия құрамына пайдаланушы депо, жөндеу кәсіпорындары, химиялық-техникалық зертханалар өкілдері, тәжірибелі локомотивтерді қабылдап алушылар, инженер-технологтар, машинист-нұсқаушылар, өрт қызметі инспекторлары кірді. Күзгі комиссиялық байқау барысын бақылауды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС орталық аппараты жүзеге асырады.

ККБ кезінде әрбір локомотивтің техникалық, өртке қарсы және мәдени жағдайы, сондай-ақ жылдың суық кезінде машинист пен оның көмекшісінің жұмыс істеуі үшін кабинада жайлы жағдай жасалуы тексеріледі. Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылардың жұмысқа қабілеттілігін тексеруге ерекше назар аударылады. Локомотив паркінің жағдайы бес балдық жүйе бойынша бағаланады.

Сондай-ақ шара барысында локомотив бригадалары техникалық сабақтарда төменгі температураларда, қар қалын жауып, қатты боран соққанда үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін іс-әрекеттерді пысықтап, нұсқаулықтар мен ережелерді қайталайды.

Күзгі комиссиялық байқау 30 қазанға дейін жалғасады.

Поделиться:
Популярные новости
22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

7 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер