Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ биылғы астықты тасымалдауға дайын
1000 / 10.08.2020 00:00

«ҚТЖ» ҰК» АҚ биылғы астықты тасымалдауға дайын

2020 жылдың 7 айында теміржолшылар 4,7 млн тоннадан астам астықты тасымалдады. Соның 1,3 млн тоннасы еліміз ішінде тасымалданса, бұл 2019 жылғы деңгейден 2% жоғары, экспортқа – 3,4 млн тонна. Қаңтар – шілде кезеңінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ 1,5 млн астам ұн және ұнтақ өнімдері тиелімін қамтамасыз етті. Биылғы астықты тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтың төрағалығымен өткен онлайн-кеңес барысында талқыланды.

Кеңеске мемлекеттік органдар, «Азық түлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «Астық транс» АҚ өкілдері, астық трейдерлері қатысты. Кездесу Биылғы астықты тасымалдауға дайындық бойынша кешенді жоспар шеңберінде өткізілді.

Өткен жылға қарағанда экспортқа астық тиеу 1,3 млн тоннаға, соның ішінде Еуропалық бағытқа, Орталық Азия елдеріне, Иран мен Қытайға кемігені атап өтілді. Тасымал кемуінің себебі – 2019 жылғы егіннің төмен болуы, коронавирус пандемиясы салдарынан экспортқа шектеу енгізілуі және өзгелері. Бұл ретте, ұңтақ өнімдерінің тиелімі Өзбекстанды қоспағанда, барлық бағыттар бойынша орташа 43% өсімінің тендециясы бар.

Қанат Әлмағамбетов астық тасымалы тиімділігі үшін тасымал процесі барлық қатысушыларының үйлесімді іс-әрекеті қажет екендігін атап көрсетті.

Оның мәліметіне қарағанда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ паркі биылғы астықты тасымалдау үшін дайын. Қазақстандық жабық вагондар паркі 13 мың данадан астам деп саналса, соның шамамен 8 мыңы «Қазтеміртранс» АҚ иелігінде болып табылады. Астық тасымалдаушылар паркі 9 мың данадан астам болса, соның 6,5 мыңы «Астық Транс» АҚ басқаруында.

Жүкжөнелтушілердің кірме жолдарында жылжымалы құрамды нормадан асыра ұстауды қысқартып, паркті тиімді пайдалану арқылы күзгі вагондар жетіспеушілігі тәуекелін болдырмауға болады.

Ай бойында тиелімнің біркелкі еместігі сондай-ақ жылжымалы құрамның жетіспеушілігін қолдан жасайды. Ай сайын 5-не дейінгі тәуліктік тиелім 60 астық тасымалдаушыға дейінгіні құрайды. Айдың екінші онкүндігінде тапсырыс беру саны бірден тәулігіне 1200 астық тасымалдаушыға дейін өсіп кетеді.

Мамандардың есептеуі бойынша, мәлімделген өнімді алып кету үшін вагондар айналымын қысқарту қажет. Сонымен, егер астық тасымалдаушы айналымын бір тәулікке қысқартса, жылжымалы құрам үнемі 550 астық тасымалдаушыға жетеді.

Жүріс жылдамдығын арттыру үшін ҚТЖ Өзбекстанға және Орталық Азия елдеріне маршруттық пойыздарды (астықтық және ұндық шаттлдарды) құруға дайын.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауды жүзеге асыратын жүкжөнелтушілерді қолдауға бағытталған әр түрлі іс-шаралар кешені іске асырылуда. Сонымен, 2020 жылға Қазақстаннан Өзбекстан аумағы бойынша астық және ұн тасымалдауға қолданыстағы ТМД тарифтік саясаты ставкасымен жеңілдік белгіленген.

2020 жылдың 1 наурызынан Өзбекстан аумағы арқылы транзитпен Ауғанстанға олардың кімге тиесілі екендігіне қарамастан, бидай мен ұнды вагондармен тасымалдау кезінде жеңілдіктер қарастырылған.

Астық тасымалын ұйымдастырумен байланысты мәселелерді жедел шешу үшін дәстүр бойынша 1 қазаннан «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасарының басқаруымен Компанияның орталық аппаратында астық тасымалын ұйымдастыру жөніндегі штаб жұмысына кіріседі. Ақмола, Қостанай, Маңғыстау жол бөлімшелері жанынан жедел астық топтарының тәуліктік жұмысы ұйымдастырылады.

Кеңесті аяқтай келе Қ. Әлмағамбетов «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз тарапынан жүкжөнелтушілердің тапсырысын толық көлемде қамтамасыз етуге бағытталған барлық мүмкін болатын шараларды қабылдайтындығын атап кетті.  

Поделиться:
Популярные новости
37 / 10.12.2024

Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды.

Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас инженері М. К. Көкрекбаев еңбек қауіпсіздігі ж...

123 / 04.12.2024

«Тіл - мемлекеттіліктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «Тіл - мем...

476 / 02.12.2024

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің 5 мыңға жуық қызметкерін жеткізу жаңа автокөлікпен жүзеге асырылатын болады

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС компания филиалдарына 36 бірлік жаңа автокөлік сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 7 бірлік жеткізу жоспарлануда. Жолаушыл...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер