Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды.
Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-...
Шығыс өңіріндегі тоғыз жолдың торабы Аягөз станциясын теміржолшылар ұстаханасы деп бекерге айтпаса керек. Өйткені, осы өлкеден талай атақты теміржолшылар шығып, теміржолдың адау-қадау тұлғаларына айналған. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның тасымалды жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов – осы Аягөз тумасы.
Теміржол саласында маңызды емес қызмет жоқ. Десек те, саланың кірісін құрайтын шаруашылық – жүк тасымалы екеніне талас жоқ. Міне, осы жүк тиеуге вагондарды беруден бастап, оның діттеген жеріне шашау шықпай жеткізіліп, қабылдап алуын қамтамасыз етуге жауапты міндеттердің басында Нұржан Келбұғанов тұр. Яғни, жүк жөнелтушілермен жүк тиелімін жоспарлаудан бастап жүк қабылдап алушылардың соңғы нүктесіне дейін жүкті жеткізу жұмыстарын жоспарлау, бәрі-бәрі осы маманның қолында.
Әрине, бұл өте күрделі әрі жауапты жұмыс. «Биенің аласы бар, құласы бар» дегендей, клиенттердің де әртүрлісі кездеседі, бірі өз ісіне мығым да жауапты болып келсе, енді бірі соңғы сәтте шешімін өзгертіп жататын құбылмалы, бұдан бөлек техникалық процестер, тағысын тағысы бар дегендей. Бұл жұмыста біліктілікпен қатар сабырлық, төзімділік, іскерлік және табандылық таныту сынды қабілет қажет.
«Менің әке-шешем дәрігер болды. Анам теміржол ауруханасында жұмыс істеді, депоның учаскелік дәрігері болды. Менің теміржолшы мамандығына деген қызығушылығым мектепте басталды. Аягөздегі №58 теміржол қазақ мектебінде оқыдым. Мектепте «Жас теміржолшы» деген үйірме болатын. Сол үйірмеде біз теміржолшы кәсібі туралы көп нәрсені біліп, үйрендік. Жаз маусымында Семей саябағында адамдарды вокзалдан кәдімгі үлкен вагондарға отырғызып, саябаққа, жағажайға таситынбыз, пойызды білікті машинист жүргізеді, біз оның көмекшісі болатынбыз. Қала берді белгі беруші, бағыттаушы, жолшы да болып бағымызды сынайтынбыз. Тіпті, бізге арнайы киім де тіккізгендері есімде. Осы үйірме арқасында бізді Алматыға «Жас құрастырушы» деген жарысқа алып барды. Біз бұл жарысқа біз локомотивтің бірнеше есе кішірейтілген моделін, яғни электровозды өз қолымызбен жасап алып барып, оның артына жүк тиеп жүргізіп көрсеттік. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен балалар қатысатын. Бұл он-он бір жастағы балалар үшін таңғажайып оқиға әрі теміржолшы болуға деген үлкен қызығушылық әрі стимул болды. Міне, сол қиял-арман Алматыдағы теміржол көлігі инженерлері институтына оқуға алып келді. Білім шаңырағында Тасымалды ұйымдастыру және басқару бойынша мамандық алдым. Ол кездің тағы бір кереметі, екінші курстан соң алты ай Аягөз станциясында парк кезекшісі болып жалақыға жұмыс істеп, практикалық тәжірибеден өттік», – деп сыр бөліседі бала арманын ақиқатқа айналдырған кейіпкеріміз.
Дипломды маман оқу бітіргесін еңбектің тайқазаны толассыз қайнаған ортаға тап болады. Ол Алматы-1 станциясы еді. Онда ол еңбек жолын парк кезекшісінен бастап, пойыз құрастырушы, дөңес кезекшісі, станция кезекшісі, маневрлік диспетчер сияқты қызметтік сатылардан өтеді. Кейін Алматы жол бөлімшесінде пойыз диспетчері болып жұмыс істеп, қозғалыс шаруашылығының қыр-сырына қанығып, майталман маманға айналады.
«Менің еңбек жолымды төменгі сатыдан бастап, тәжірибе жинап, білікті маман ретінде машықтануым кейінгі лауазымдық қызметтерімде көп көмегін тигізді. Жауапкершілік пен тәртіпке бағыну жастық шақтан қалыптасып, 25 жылғы салалық еңбегімде маған серік болып келеді. Осы қасиеттерімді бағалаған басшылық маған шалғайдағы станцияларды басқарып, шыңдалуыма мүмкіндік берді. Басшы болып барған алғашқы станциям Алматыдан 200 шақырым қашықтықта орналасқан Көксу станциясы болды. Одан кейін солтүстікке ауысып, Ерейментау, Тайынша станцияларында жетекшілік еттім. Көкшетау станциясына бастық болып тағайындалғанымда 29 жаста едім. Кейін орталық аппаратта диспетчерлік орталыққа жетекшілік еттім. Семей, Ақмола жол бөлімшелерінде НОД орынбасарлары қызметін атқарып, ал 2015 жылы Шығыс Қазақстан жол бөлімшесінің директоры болып тағайындалдым. Осындай әртүрлі қызметтің арқасында іскерлікпен қатар басшылық біліктілік жинап, ұйымдастырушылық қасиеттерді бойыма сіңірдім», – деп сөзін түйіндейді кейіпкеріміз.
Әлемдік пандемия салған ылаңға қарамастан «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның алғашқы жартыжылдықты табысты қорытындылап отыруы – Келбұғанов сынды өз ісінен берілген нағыз теміржолшылардың ерен еңбегі екені белгілі.
Нұржан Амангелдіұлы табиғатынан табанды, сергек, салауатты өмір салтын серік еткен жан. Бильярдты жаны сүйеді. Қолы боста көгалда доп теуіп, волейбол ойнағанды, қыста шаңғы тепкенді ұнатады екен.
Сенім сертификаттарын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС 4 теміржол кәсіпорны алды. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас инженері М. К. Көкрекбаев еңбек қауіпсіздігі ж...
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «Тіл - мем...
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС компания филиалдарына 36 бірлік жаңа автокөлік сатып алды. Жыл соңына дейін тағы 7 бірлік жеткізу жоспарлануда. Жолаушыл...